Бүгін Қызылордада жаңадан ашылған «Қайсар Арена» стадионында футболдан Қазақстан кубогы үшін «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) клубтары ойнады.
Бұл ойында бас төрешісі міндетін Швейцариядан келген Свен Вольфенсбергер атқарды.
Мачта «Тобылдың» сапында Николай Сигневич 19-минутта есеп ашса, Ислам Чесноков 33-минутта екінші голды салды.
Осылайша «Тобыл» қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогының иегері атанды.
Қазақстан кубогы үшін турнир 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін 15 команда кубоктың иегері болып отыр. Олар: «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» — 3, «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) — 2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) — 1 мәртеден кубоктың иегері.
Биыл Қазақстан кубогы үшін турнирге Премьер-лига, Бірінші және Екінші лигадан барлығы 30 команда қатысты. Әуелі Бірінші және Екінші лига командалары алғашқы іріктеу кезеңін өткізді.
Олардың арасынан іркілмей шыққан екі клуб 1/8 финалда Премьер-лига командалары қатарына қосылды.
Кубоктың иегері 2026 жылы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА