Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында құрама команданың арулары еркін бағдарламада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Нәтижесінде әйелдер арасындағы командалық есепте қыздар 267.0639 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Өзбекстан құрамасы – 187.3013 ұпаймен күміс медаль еншілесе, Тайланд спортшылары 180.9401 ұпаймен үздік үштіктен көрінді.
Ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасы сапында Астана қаласының спортшылары – Ясмина Исламова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.
Азия чемпионаты 10 қазан күні мәресіне жетеді. Айтулы додаға тоғыз елдің спортшылары қатысып, өзара бақ сынауда.