Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан спортшыларының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Джиу-джитсудан әлем чемпионы, 69 кг салмақтағы Жәнібек Әбу-Бәкір финалда Фарид Бен Алиді 12:9 есебімен жеңді.
Жарыстағы жолы:
Топтық кезең.
Райан Проаг — 50:0
Фарид Бен Али — 17:14
Жартылай финал: Ерасмо Пагано — 20:4
Аслан Қанатбек (62 кг) үшінші орын үшін жекпе-жекте колумбиялық Жайро Вивиекасты жеңді.
Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (77 кг) күміс жүлдегер атанды. Ол финалда дат Лукас Андерсенге 11:15 есебімен жол берді.
Отандасымыз финалға дейін тағы бір жекпе-жекте Лукас Андерсенді 16:12, Йоро Янник Ефрем Зоузоуаны 15:17 есебімен жеңіп, жартылай финалда Перси Кунсасдан 27:18 есебімен басым түскен еді.
Бұған дейін каратэден 50 келідегі Мөлдір Жаңбырбай күміс жүлдеге ие болған еді.
Жалпы, отандастарымыз бұл жарысқа 1993 жылдан бері қатысып келеді. Қазірге дейін олар 6 алтын, 4 күміс, 7 қола жүлде алды.
Биыл жарыс 34 спорт түрінен өтіп, 253 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Дүрмекті додаға 17 тамызға дейін 114 елден 4 000 спортшы қатысып жатыр.