• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Сейілхан Болатбек – XII Дүниежүзілік ойындардың қола жүлдегері!

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында джиу-джитсудан не-ваза бөлімі бойынша 77 келі салмақ дәрежесінде Сейілхан Болатбек қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Отандасымыз жүлделі орын үшін таласта Канада өкілі Майкл Шиханмен жолығып, 2:0 есебімен басым түсті. Одан бөлек, 69 келідегі Нұржан Батырбеков 3-орын үшін айқаста Оңтүстік Корея спортшысы Сеонг Хион Жуға есе жіберіп, жүлдеге бір қадам жетпей қалған еді.

    Осылайша, отандастарымыз үшін джиу-джитсудан XII Дүниежүзілік ойындары аяқталды, — делінген хабарламада.

    Кеше джиу-джитсудан файтинг бөлімі бойынша 69 келіде Жәнібек Әбу-Бәкір чемпион атанса, 77 келідегі Нұрсұлтан Дүйсенқұлов күміс жүлде мен 62 келіде Аслан Қанатбек қола жүлдені иеленген болатын.

    17 тамызға дейін жалғасатын төрт жылдықтың басты бәсекесінде спортшыларымыз енді спорттық және жауынгерлік, спорттық құзға өрмелеуден сынға түседі.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *