Ұлттық Олимпиадалық комитет 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиялық ойындарға ресми шақырту алды, деп хабарлады ҰОК.
Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім.
Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиадаға 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері отандастарымыз бір алтын, үш күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.
2026 жылғы Олимпиялық ойындар 6-22 ақпан аралығында өтеді.