17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусьтің Минск қаласында басталған Даму кубогы халықаралық турнирінің алғашқы ойынында жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.
Бауыржан Сағындық жаттықтыратын құрама команда алғашқы матчта Иран жасөспірімдерімен кездесіп, 2:0 есебімен жеңді. Біздің команда сапынан Абылай Төлеухан мен Дәулет Орынбасар қарсыластардың қақпасын дәл көздеп, көзге түсті.
Даму Кубогы жарысына сегіз команда қатысып жатыр. Командалар екі топқа бөлінді. «Б» тобында біздің команда Иран, Тәжікстан және Ресей құрамаларымен ойнайды. «А» тобы Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан және BSA Academy командаларынан тұрады.
Иран U-17 – Қазақстан U-17 – 0:2 (0:1)
Голдар: Төлеухан 26, Орынбасар 62
Қазақстан U-17: Буч (қ), Трубин, Каликулов, Кеңесбеков, Жексенбек (к), Махмұдов, Мұсаев, Нұрболат, Орынбасар, Төлеухан, Молдағалиев;
Қосалқы құрам: Төлеубек (қ), Сансызбай, Ибадулла, Исмағұлов, Әли, Назаров, Гезик, Уәлихан, Пак;
Аға жаттықтырушы: Бауыржан Сағындық
16.02.2025. АБФФ манежі, Минск, Беларусь.