• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпия комитеті

    Александра Скороходова тау шаңғысынан күміс жүлдегер атанды

    Қазақстан құрамасының спортшысы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өтіп жатқан Ашық чемпионатта екінші орын алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпия комитеті.

    Спортшы слалом жарысында күміс медальға ие болды.

    Бірінші орынды италиялық Франческа Фанти иеленді. Үшінші орынға Валентина Филл (Италия) жайғасты.

    Бұған дейін отандасымыз FIS турнирінде алтын медальға ие болған еді.

    Александра Скороходова Қазақстан атынан 2026 жылғы Олимпия ойындарында өнер көрсетеді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *