Жиырма жастағы Акари Фужинами — әйелдер күресінен Жапония мен әлемнің бірінші нөмірлі палуаны. Ол жеті жыл бойы ешкімнен жеңілмеген. Өз салмағында үздік атанған А.Фуджинами биылғы Олимпиялық ойындарға 53 кг салмақ дәрежесінде қатысады. Былтыр Астанада күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатына Күншығыс елінің командасы да қатысты. Сол жарыста әйелдер күресінен Жапония құрамасының бас жаттықтырушысы Канехама Риодан сұхбат алдым. Оның айтуынша, Жапонияда 53 ...
Read More »Tag Archives: Олимпиада
Әлемнің үздік теннисшілері Олимпиадаға қатысудан бас тартып жатыр
Әлемнің 10-ракеткасы тегі Тунистен шыққан франциялық теннисші Онс Жабер өз елінде болатын Олимпиялық ойындарға қатысудан бас тартты. Сонымен бірге Олимпиадаға Беларусьтің өкілі Арина Соболенко мен Ұлыбританияның спортшысы Эмма Радукану да қатыспайтынын айтты. Онс Гилл Олимпиадаға қатысты ойын әлеуметтік желіде түсіндіруге тырысты. Құрметті жанкүйерлер! Мен медициналық тобыммен кеңесе келе, Париж Олимпиадасына қатыспау туралы шешім қабылдадым. Қазір менің жарақатым тізіме батып тұр. Тізем ...
Read More »ҰОК Олимпиадада ту ұстаған спортшылардың киімін музейге табыс етті
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 2020 жылғы Олимпиялық ойындарда ту ұстаушылар киген костюмді Ұлттық музейдің қорына табыс етті, деп хабарлады Olympic.kz. Бұл — Халықаралық Олимпиада күнін атап өту аясындағы алғашқы іс-шара. Ұлттық Олимпиада комитеті бірегей киім үлгісін музейдің коллекциясына тапсырды. Киім үлгісімен Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Олимпиялық ойындар мен бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен еліміздегі ең танымал спортшы, жеңіл атлетикадан ...
Read More »Олимпиадаға дайындық пысықталды
Бүгін Астанадағы Олимпиадаға дайындық штабында кезекті басқосу болды. Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, спорт журналистикасының ардагерлері қатысып, штаб өкілдерімен бірге ұлттық құраманың алдағы бас додаға дайындығын пысықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Қонақтар қатарында дүниежүзілік және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов, қоян-қолтық ұрыстан республикалық федерация басшысы Абай Тасболатов, 1972 жылғы Мюнхень Олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор ...
Read More »Кирилл Герасименко үстел теннисінен Олимпиада жолдамасын алды
Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Олимпиялық ойындарға жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Ол енді іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша Олимпиадаға қатысады. Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде теннисші құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр. Айта кету керек, Герасименко осымен үшінші рет Олимпиялық ойындарға жолдама алып отыр. Ол Рио-2016 және Токио-2020 ойындарына қатысқан. Қазір елімізде Олимпиадаға ...
Read More »Боксшылар Олимпиадаға соңғы дайындықты бастайды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркияның Анталья қаласындағы бір апталық жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлады olympic.kz. Кеңейтілген құраманың жиыны бір аптаға созылып, боксшылар жағажайда жаттықты. Сондай-ақ, Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды. Субтропикалық климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты. Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі. Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Соның алғашқысы ...
Read More »Ирина Юнусметова Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды
Бүгін халықаралық нысана көздеу (ISSF) федерациясы барлық Әлем кубогының кезеңінен кейін Олимпиялық рейтингін жаңартты. Соның нәтижесінде Ирина Юнусметова Олимпиаданың лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама спортшысы қайта үлестіру кезеңінде 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде жолдамаға иелік етті. Бұл — еліміздің спорттық ату федерациясының еншісіндегі тоғызыншы лицензия. Осыған дейін Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, ...
Read More »Әлия Юсупова FIG құрметті жаттықтырушысы атанды
Қазақстан Көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды, деп хабарлады olympic.kz. 30-31 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Әлия Юсуповаға «Құрметті жаттықтырушы» атағы берілді. Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастиадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарады. Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиялық ойындарға қатысып келеді. Париж Олимпиадасында ...
Read More »Дзюдошылар өзара Олимпиаданың жолдамасы үшін күреседі
Қазақстан дзюдо федерациясы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына қатысатын спортшыны анықтау мақсатында іріктеу белдесудің болатынын хабарлады. Іріктеу белдесуге олимпиадалық рейтингте үздік нәтиже көрсеткен балуандар Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин қатысады. Олар Олимпиадаға қатысуға үміткер спортшылар тізіміне кіріп отыр. Іріктеу белдесулері 7 маусымда ұлттық құраманың Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында болады. Халықаралық дзюдо федерациясы мен Халықаралық ...
Read More »Елена Рыбакина: «Олимпиадада бар күшімді жекелей сында жеңуге жұмсаймын»
Әлемнің төртінші, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Париж қаласында өтіп жатқан Францияның ашық чемпионаты кезінде БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспары туралы айтты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бұған дейін хабарланғандай, Рыбакина украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, одан Токио Олимпиадасы кезінде кеткен есені қайтарып, «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шыққан болатын. Енді ол ¼ финалда Италияның ...
Read More »