• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Жәмила Бақбергенова

    Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова ел чемпионатында белдеседі

    1-5 ақпан күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Онда Шымкент, Алматы, Астана қалалары мен 17 облыстың балуандары бақ сынайды. Ел чемпионатында бірінші және екінші орын алған балуандар Қырғыз елінде өтетін екі бірдей дүрмекті додада ел намысын қорғайды. Олар Олимпиаданың  іріктеу лицензиясы мен Азия чемпионатына барады. Қазақстан чемпионатында Жәмила ...

    Read More »

    Біріккен күрес одағының рейтингінде қазақ балуандары көш бастады

    Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан мен әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова Біріккен әлемдік күрес одағының (United World Wrestling – UWW) рейтингінде көш бастады. Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта бірінші орынға шықса, Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Жәмила да еркін күрестен әлем чемпионатында үш рет медалист болған тұңғыш қазақ қызы. Ал Ризабек ...

    Read More »

    Астана әкімі Жәмила Бақбергеноваға пәтер кілтін тапсырды

    Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек XIX Жазғы Азия ойындарының чемпиондарымен кездесіп, сыйлық тарту етті. Жақында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азиадада Қазақстан ұлттық құрама командасының сапындағы Астананың спортшылары 10 медаль жеңіп алды. Олар ел қоржынына 1 алтын, 3 күміс және 6 қола жүлде салды. Осыған байланысты Астана қаласының әкімі Азиаданың құрмет тұғырынан көрінген спортшылармен кездесіп, жеке құттықтады. Осы жерде қала басшысы ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Жәмила Бақбергенова қола жүлдегері атанды

    Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен қола медаль жеңіп алды. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ұлттық құраманың көшбасшысы Польшаның өкілі Наталья Ивона Стшалканы 4:1 есебімен жеңіп, осымен үшінші рет қатарынан әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұған дейін 27 жастағы спортшы 2019 жылы Норвегияның Осло қаласында жалауы желбіреген дүниежүзі бәсекесінде, одан кейін былтыр ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Жәмила Бақбергенова қола жүлде үшін күреседі

    Сербия астанасы — Белградта күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама команданың мүшесі Жәмилә Бақбергенова қола жүлдесі үшін күресетін болды. Ол 72 кг салмаққа дейінгі сында Моңғолияның өкілі Даваанасан Энх-Амаринға жол берді. Екі спортшы биыл көктемде Астанадағы Азия чемпионатының жартылай финалында күрескенде, Бақбергенованың мерейі үстем болған. Сол кезде ол қарсыласын 11:0 есебімен жеңген еді. Жәмила Бақбергенова  осыған дейін екі ...

    Read More »

    Жәмила Бақбергенова – үш дүркін Азия чемпионы! (ВИДЕО)

    Астана қаласында әйелдер күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні 72 кг салмақта бозкілемге шыққан Жәмила Бақбергенова алтын жүлдені жеңіп алды. Ол осымен үшінші рет әр жылдары (2020, 2022) өткен Азия чемпионатының құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Яғни, құрлықтың  үш дүркін чемпионы атанды. Сонымен бірге ол әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Жәмила Бақбергенованың финалдағы қарсыласы Жапонияның балуан қызы ...

    Read More »

    Күрестен Әлем кубогына қатысатын балуандар анықталды

    10-11 желтоқсан күндері АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін және әйелдер күресінен Әлем кубогы жарысы өтеді. Биыл Xtream Arena-да ұйымдастырылатын белдесулерде ерлер мен әйелдер еркін күрестен алғаш рет бір спорт кешенінде жиналып, шын мықтыны анықтайды. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мұхиттың арғы бетіндегі додада Қазақстан құрамасынан екі өкіл бақ сынайтынын мәлімдеді. Олар — қыздар арасындағы 72 келіге дейінгі салмақтағы әлем ...

    Read More »

    Апалы-сіңлілі Бақбергеновалар АҚШ-та жеңімпаз атанды

    АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дәстүрлі Билл Фаррелл мемориалы аяқталды. Бұл белдесулерге еліміздің еркін және әйелдер күресінің құрама командасы қатысты. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында апалы-сіңлілі Мәдина (68 кг) мен Жәмила Бақбергеновалар (72 кг) өз салмағында топ жарса, Марина Седнева күміс медальді (57 кг), Алтын Шағаева (55 кг) қола жүлдені жеңіп алды. Бұл — Мәдина мен Жәмила екеуі бірге ...

    Read More »