• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram.com

    Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова ел чемпионатында белдеседі

    1-5 ақпан күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Онда Шымкент, Алматы, Астана қалалары мен 17 облыстың балуандары бақ сынайды.

    Ел чемпионатында бірінші және екінші орын алған балуандар Қырғыз елінде өтетін екі бірдей дүрмекті додада ел намысын қорғайды. Олар Олимпиаданың  іріктеу лицензиясы мен Азия чемпионатына барады.

    Қазақстан чемпионатында Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова белдеседі. Осы екеуінің біреуі Олимпиадаға лицензиялық турнирге қатысады.

    Былтыр күрестен Қазақстан құрама командасы екі лицензия алды. Азамат Дәулетбеков (еркін күрес) пен Нұрсұлтан Тұрсынов те (грек-рим күресі) Париж Олимпиадасының жолдамасы бар. Әзірге қоржынымызда екі жолдама ғана. Бұл аз, әрине.

    Енді отандастарымыз грек-рим күресінен – 5, еркін күрестен – 5 және әйелдер күресінен – 6 жолдама алуы керек. Сонда Париж Олимпиадасына күрестен Қазақстан құрамасы толық құраммен бара алады.

    ЖАРЫСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ:

    Грек-рим күресі;

    1 ақпан, сағат 8:30

    55, 63, 72, 82, 97 кг салмақта белдеседі.

    Жартылай финал:

    55, 63, 72, 82, 97 кг салмақта белдеседі.

    Жұбаныш кездесу:

    55, 63, 72, 82, 97 кг салмақта белдеседі.

    Финалдық кездесу:

    55, 63, 72, 82, 97 кг салмақта белдеседі.

     

    Грек-рим күресі;

    2 ақпан, сағат 8:30

    60, 67, 77, 87, 130 кг салмақта белдеседі.

     Жартылай финал:

    60, 67, 77, 87, 130 кг салмақта белдеседі.

     Жұбаныш кездесу:

    60, 67, 77, 87, 130 кг салмақта белдеседі.

    Финалдық кездесу:

    60, 67, 77, 87, 130 кг салмақта белдеседі.

     

    Әйелдер күресі:

    3 ақпан, сағат 8:30

    50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 кг салмақта белдеседі

    Жартылай финал:

    50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 кг салмақта белдеседі

    Жұбаныш кездесу:

    50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 кг салмақта белдеседі

    Финалдық кездесу:

    50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 кг салмақта белдеседі

     

    Еркін күресі:

    4 ақпан, сағат 8:30

    57, 65, 74, 86, 92 кг салмақта белдеседі

    Жартылай финал:

    57, 65, 74, 86, 92 кг салмақта белдеседі

    Жұбаныш кездесу:

    57, 65, 74, 86, 92 кг салмақта белдеседі

    Финалдық кездесу:

    57, 65, 74, 86, 92 кг салмақта белдеседі.

     

    Еркін күресі:

    5 ақпан, сағат 8:30

    61, 70, 79, 97, 125 кг салмақта белдеседі

    Жартылай финал:

    61, 70, 79, 97, 125 кг салмақта белдеседі

    Жұбаныш кездесу:

    61, 70, 79, 97, 125 кг салмақта белдеседі

    Финалдық кездесу:

    61, 70, 79, 97, 125 кг салмақта белдеседі.

    Айта кетейік, Жарыстың ашылу салтанаты Астана уақытымен 1 ақпанда сағат 17:30-да басталады.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

    Маңғыстау облысы,

    Ақтау қаласы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *