• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Бейбіт Жукаев Australian Open турнирін жеңіспен бастады

    Теннисші Бейбіт Жукаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу турнирін жеңіспен бастады. Ол іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикермен кездесті.

    Бірінші партияда Жукаев қарсыласын 6:1 есебімен, екінші сетте 6:4 есебімен жеңіп, келесі айналымға шықты. Матчта Қазақстан теннисшісі 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

    Мачтың өзі 1 сағат 18 минут болды. Енді Бейбіт Жукаев іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен ойнайды.

    Қазір спортшы әлемдік рейтингте 188-орында келеді.

    Аустралия ашық чемпионатының іріктеу турниріне тағы екі теннисшіміз қатысады. Денис Евсеев рейтингте 169-сатыда тұрған Украинаның 26 жастағы споршысы Виталий Сачкомен ойнаса, Тимофей Скатов Халықаралық теннис федерациясының тізімінде 154-орынды алып отырған 31 жастағы босниялық Дамир Джумхурмен кортқа шығады.

    Денис Евсеев — әлемнің 184-ракеткасы, ал Тимофей Скатов рейтингте 226-орында тұр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *