Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Қытайдың екі дүркін чемпионы Қанат Ислам (29-1-0,22КО) ұзақ уақыттан кейін шаршы алаңға қайтып шығатынын айтты.
Ол Ali Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен болатын кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жекке шығады.
Әзірше оның қарсыласы кім екені белгісіз.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қанат Ислам 29 жекпе-жекке шығып, 28 рет жеңіп, біреуінде ғана жеңілген.
Қанат Ислам соңғы рет 2022 жылы 7 қазанда аргентиналық Хавьер Франциско Масиельмен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Ali Akhmedov Promotions Fight Night кәсіпқой бокс кеші 27 желтоқсанда Алматыдағы «Балуан шолақ» спорт кешенінде болады.
Басты жекпе-жекте Әли Ахмедов (24-2-0,17КО) ганалық Делали Миледзимен (29-1-1,22КО) жұдырықтасады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары