Бокстан WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг-сынамасына қатысты өз ой-пікірін білдірді.
-Өздеріңіз білесіздер, мен әрқашан таза спортты қолдап келемін. Бұл жаңалыққа таңғалып отырмын. WADA алғашқы тестті алып, бәрі таза екенін айтты. Мен ешқандай қоспаларымды өзгерткен жоқпын. Екінші тестте не болғанын түсінбеймін, сондықтан қайта тексеруді талап еттім, — деді ол.
Бұған дейін BoxingScene басылымы ерікті допингке қарсы қауымдастық (VADA) боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний дәрілік затын тапқанын хабарлаған еді.
Рүстем ЖҰМАН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары