Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында көгалдағы хоккейден Орталық Азия елдерінің чемпионаты өтіп, еліміздің қос командасы жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан ерлер құрамасы финалда алаң иесі Өзбекстанмен ойнап, тартысты матчта 5:4 есебімен басым түсті. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде үшін Тәжікстанмен кездесті. Бұл ойында отандастарымыз қарсылас қақпасына жауапсыз 12 гол салды. Биыл ...
Read More »Жарыс
Әлем кубогы: Қазақстан мен АҚШ ойыны
АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында волейболды отырып ойнаудан өтіп жатқан әлем кубогында Қазақстан құрамасы әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ. Бұл дүрмекті додаға 14 ерлер және 6 әйелдер құрамасы қатысып жатыр. Бұған дейін Бауыржан Тахауовтың жасағы әуелі Италия құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Содан кейін Польша, Канада мен Франция құрамаларымен ойында да дәл осындай есеппен жеңіске жетті. Кеше Қазақстан командасы әлем кубогының фавориті саналатын ...
Read More »Елге лайық ер туар
Қазақ күресінен екі дүркін Әлем, үш дүркін Азия чемпионы, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Бауыржан Таубалдыұлы Тәліптің атындағы республикалық жарыс, төл күресіміздің ауыл-аймақтарда ерекше дамып келе жатқанының айрықша айғағы болды. Шымыр денелі, мінезі өткір, рухы мықты ауыл балалаларының ата күресімізге деген ықыласы жоғары. Өйткені бұл күрес ата-бабаларымыздан бері келе жатқан ұлттық өнеріміздің алтын көпірі. «Батыр туса ел ырысы», деген бір қанатты ...
Read More »Давид Дегтярев – пара пауэфрлифтингтен әлем чемпионы!
Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қосындысы бойынша 567 кг зілтемірді көтеріп, әлем чемпионы атанды. Ол үшінші талпынысында 191 кг көтеріп, Азия рекордын жаңартты. Алғашқы сайысында ол 187 келіні басынан асырса, одан кейін 189, үшіншісінде 191 келіні көтере алды. Екінші орынды сальвадорлық Херберт Асетуно иеленді. Үшінші орын қытайлық Ян ...
Read More »Таеквондошылар Черногорияда екі медаль жеңіп алды
Таеквондодан Черногорияның Подгорица қаласында өткен G-1 санатындағы турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Мақсат Орынбасар жарыстың жеңімпазы атанды. Ол 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Әзірет Дүйсенбек 58 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Бұл турнирге 24 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Сайыпқыран. Қошқар Дін-Мұхамед – тәжірибе мен табандылықтың үлгісі
13–21 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған жамбылдық балуан Қошқар Дін-Мұхамед 67 келі салмақ дәрежесінде күресті. Ол алғашқы айналымдарда сенімді күресіп, қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетті. Армения өкілі, тәжірибелі балуан Славик Галстянға ұпай санымен есе жібергенімен, бұл дода Дін-Мұхамед үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Айта кетерлігі, бұл оның ересектер арасындағы екінші әлем ...
Read More »Қазақстан семсерлесуден «Мықтылар турнирінде» үш алтын жүлде алды
Астанада семсерлесуден халықаралық «Мықтылар турнирі» өз мәресіне жетті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Қазақстан құрамасы бұл сайыста сегіз медаль жеңіп алды. Оның үшеуі – алтын жүлде. Бірінші күн Ерлер Алексей Касаткин (Қазақстан) Кирилл Проходов (Қазақстан) Эльмир Әлімжанов (Қазақстан) Әйелдер Севара Рахимова (Өзбекстан) Шахзода Егамбердиева (Өзбекстан) Владислава Андреева (Қазақстан) Екінші күн Ерлер Ерлік Сертай (Қазақстан) Кирилл Проходов (Қазақстан) Эльмир Әлімжанов (Қазақстан) ...
Read More »Су спортынан АЧ: Қазақстан командалық есепте екінші орынға шықты
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық жарыста Қазақстан құрамасы 23 медаль жеңіп алды. Қоржынға 8 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлде түсті. Командалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды. Бірінші орынға Қытай құрамасы (40 алтын, 10 күміс, 4 қола медаль) жайғасса, үшінші орын Жапонияға (5 алтын, 12 күміс, 4 қола жүлде) бұйырды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА ...
Read More »«Жетінші жеңіс»: Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors турнирінде титул алды
Кореяның Вонджу қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Азияның бейресми чемпионаты саналып келген беделді ITF Juniors турнирі (J300 санаты) мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Заңғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 23-орында) әлемдік жасөспірімдер теннисіндегі үздік ойыншылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Финалда 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткамыз Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченмен (әлемдік рейтингте 41-орында) кездесті. Бұған ...
Read More »УЕФА іріктеу турнирінің ережелерін өзгертуі мүмкін
Еуропаның футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу тәртібіне өзгертуге ұсыныс жасауы мүмкін. Бұл туралы Report агенттігінің хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, ұйым ойындарға трансляциялау құқығын сатудан түсетін кірістің азаюына наразы. Сондықтан іріктеу турнирлерін өткізу формуласын өзгертуге дайын. Атап айтқанда, Ұлттар лигасын әлем чемпионаты немесе Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі ретінде пайдалану ұсынылады. Сондай-ақ жұмыс тобы бір лига кестесі бар швейцариялық ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары