Ұлттық құраманың спортшысы Шыңғыс Тайлиев Австрияның Зальцбург қаласында өткен А сериясындағы турнирде кумите бағдарламасында 75 кг дейінгі салмақта жүлде алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қола медаль үшін жекпе-жекте ол Финляндия өкілі Томас Сур Инкеройненді 7:2 есебімен жеңді. Отандасымыз жарыста Роман Чимбурді (AIN2) 11:1, Марио Ианнуцциді (Италия) 7:2, Витулано Дженнароны (Италия) жеңсе, жұбаныш кезеңде ...
Read More »Жарыс
Биыл бұқаралық спортпен 300 мыңнан астам адам айналыса бастаған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спортты қолдау мен спортшыларға жағдай жасауды тұрақты назарда ұстап келеді. Президенттің бастамалары негізінде елімізде бұқаралық және балалар спорты қарқынды дамып жатыр. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, былтыр дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 8,5 миллионға жуық адам айналысты. Бұл – жалпы халықтың 41,4% пайызы. Оның ішінде 6 021 117 адам (72%) – ер адам болса, ...
Read More »Аружан Сағындықова ITF W15 турнирінде жеңіске жетті
Теннисші, әлемнің 958-ракеткасы, 20 жастағы Аружан Сағындықова Қытайдың Луань қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің 797, осы жарыстың 5-ракеткасы, 19 жастағы ресейлік спортшы Мария Калякинамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте де Сағындықова дүниежүзілік рейтингіде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласының мысын басты. Есеп – ...
Read More »Қазақ қызы тұңғыш рет Солтүстік бұғазынан жүзіп өтті
Батыс Қазақстан облысының тумасы Әнел Сытдықова елімізден Ирландия мен Шотландия арасындағы Солтүстік бұғазын жүзіп өткен алғашқы әйел атанды. Ол Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында бұғазды 4 қыркүйекте сағат 36 минут 19 секундта жүзіп шыққанын айтты. Отандасымыз Солтүстік бұғазын жүзіп өткен 185 адамның қатарына енді. Төрт адамның бәрі де мәреге жетті. Менімен бірге болған германиялық, Олимпиада чемпионы Андреас 8 сағатта жүзіп өтіп, ...
Read More »Сайыпқыран: Үш жарыста – үш қола жүлде!
Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Компаунд, құралмалы садақ бағдарламасы бойынша Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова бастаған командамыз қола жүлде үшін таласта Ұлыбританияны 232:228 есебімен жеңді. Осыған дейін ел тарихында 1993 жылы классикалық садақ атудан әйелдер сайысында Яна Туниянц ...
Read More »II Түркі Универсиадасы: Қазақстан қоржынында әзірше бес алтын жүлде бар
Осы күндері Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындарының студенттері арасында III Түркі Универсиадасы болып жатыр. Универсиада 3 қыркүйекте басталды. Ол 9 қыркүйекте аяқталады. Оған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің (Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы) студент-спортшылары қатысуда. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтіп ...
Read More »«Сындырамын қазір»: Төрехан Сабырхан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Төрехан Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Ол 70 келіге дейінгі салмақта Алжир елінің боксшы Эсуф Яичемен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта төрешілер Африка өкіліне мойын бұра бастағанда қазақ боксшысы намысқа тырысып, үшінші раундта қарсыласын екі ерт есеңгіретіп, нокдуанға жіберді. Раундтар арасында Төрехан Сабырханның «Сындырамын қазір», деп жаттықтырушысына айтқан сөзі де естіліп ...
Read More »Алматының Орталық стадионы УЕФА талаптарына сай — министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыға жұмыс сапарында Орталық стадионның УЕФА талаптарына сай екенін, ол футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыру бөлмелері, командалар мен төрешілерге арналған орындардың толық аттестаттаудан өткенін және халықаралық деңгейдегі матчтарды өткізе алатынын айтты. Қазір орындықтарды ауыстыру мен қалпына келтіру, стадионды абаттандыру жұмыстары істелінді. Бұрын санитарлық-гигиеналық тораптарда жеңіл-желпі жөндеу жүргізілсе, қазір оларды күрделі жөндеу жұмыстары басталды. ...
Read More »US Open: Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисшілері арасынан алғаш рет жартылай финалға шықты
17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ширек финалда жарыстың 13-ракеткасы болып тіркелген ресейлік, 18 жастағы Тимофей Дерепаскомен ойнады. Дерепаско — жасөспірімдер ғана емес, ересектер арасында да ойнап үлгерген теннисші. Ол ATP рейтингісінде 925-орында тұр. Ал Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінде 54-орында келеді. Қазақ теннисшісі бірінші партияда 6:2, ...
Read More »US Open: Заңғар Нұрланұлы сенсация жасады
17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі, 18 жастағы Алан Важнымен ойнады. Алан Важны ересектер арасында ATP рейтингінде 1750-сатыда тұр. Ал Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингісінде 54-орынға орналасқан. Соған қарамастан, отандасымыз азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Бұл матч бір жаром ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары