Бүгін Түркістан қаласында қазақ күресінен ересектер арасында өткен Азия чемпионаты аяқталды. Qazaq Kuresi ассоциациясы, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен жалауы көтерілген сарықұрлық додасында Қазақстан құрамасы 16 салмақ дәрежесінде 10 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Бүгін чемпионаттың екінші күні де белдесулер аса тартысты және қызықты ...
Read More »Жарыс
Қазақ күресінен АЧ: алғашқы күні-ақ алты алтын, қос күміс жүлде алдық (ФОТО, ВИДЕО)
Бүгін Түркістан қаласында Qazaq Kuresi ассоциациясы, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен төл күресімізден Азия чемпионаты жалауын желбіретті. Әуелі сарықұрлық додасы басталмас бұрын қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды жиын – Qazaq Kuresi ассоциациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Осы алқалы жиында Азиялық Qazaq Kuresi ассоциациясын құрылғаны туралы хабар жарияланып, оның президенті сайланғаннан кейін ...
Read More »Азиялық Qazaq Kuresi ассоциациясы құрылды
Түркістан қаласында қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды жиын – Qazaq Kuresi ассоциациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Азия чемпионаты аясында ұйымдастырылған бұл басқосу ұлттық спорттың стратегиялық бағытын айқындап, халықаралық деңгейдегі жаңа бастамалардың негізін қалаған тарихи іс-шара болды, деп хабарлады Qazaq Kuresi ассоциациясының баспасөз қызметі. Жиынға Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Ұлттық және ат спорты түрлері ...
Read More »Түркістанда төл күресіміздің туы көтерілді
Бүгін Түркістан қаласында қазақ күресінен Азия чемпионатының жалауы көтеріледі. Осы дүрмекті дода басталар алдында Qazaq Kuresi ассоциациясы Атқарушы комитетінің жиналысы болып, онда бірнеше мәселе қаралды. Атап айтқанда, қауымдастықтың жұмысының қысқаша есебі беріліп, стратегиялық бағдарын айқындап, шетелдік және облыстық федерацияларға тапсырмалар және есеп беру мерзімдері анықталды. Жиналыста Qazaq Kuresi ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов сөз сөйлеп, қауымдастықтың қызметіне есеп берді. Ол ...
Read More »Адал еңбектің абыройы асқақ
Ел үшін еткен еңбек ешқашан елеусіз қаламайды. Әрбір салада өз ісіне адал, еңбекқор жандар әрқашанда көпшіліктің алғысына бөленіп, өз ортасына қадірлі болады. Ал спорт саласына келсек, өз ісінің маманы болып бар ғұмырын спортқа арнап жемісін, жетістігін көрген адамдарды көріп тәнті боларымыз анық. Сондай жанның бірі, бірегейі марқұм Амангелді Смағұлұлы еді. Амангелді Смағұлұлы 1941 жылы Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Сұлукөл ауылында ...
Read More »Юсуф Мациев — 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс медалисі!
Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында ел қоржынына екінші жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Грек-рим күресінен 97 келідегі Юсуф Мациев финалдық бәсекеде Украина спортшысы Егор Якушенкодан 1:6 есебімен есе жіберді. Отандасымыз әлем чемпионатында Кио Китавакиді (Жапония) 2:1, Аршак Гегамианды (Армения) 4:0, Максим Аверинді (бейтарап спортшы) 9:1 есебімен ...
Read More »Мерей Мәулетқанов — 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері!
Күрес түрлерінен Сербияның НовиСад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлемчемпионатында ел қоржынынаалғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен отандасымыз қола жүлде үшін таласта бейтарап спортшы Данил Григоревті мерзімінен бұрын жеңді. Жарыста Мерей Болгария балуаны Сергей Стоевты 8:0, Түркия спортшысын 9:0 есебімен бет қаратпай жеңсе, жартылай финалдық тартысты белдесуде Өзбекстан өкілі Аброр Атабаевқа 1:3 есебімен жол берген еді. Айта кетейік, 22 жастағы Мәулетқанов өткен айда ғана ересектер арасындағы дүниежүзілік бәсекеде әлем чемпионы ...
Read More »Боксшылар шаршы алаңның шаңын қақты
Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Чемпионаттың қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады. Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектің қорытындысы: 50 келі: Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) — Даниял Сабит (Батыс Қазақстан облысы) — 0:5. 55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) —0:5. 60 келі: Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) — Серік Теміржанов ...
Read More »Әлиям Әзізова — Азия ойындарының қола жүлдегері!
Әлиям Әзізова Бахрейннің Манама қаласында пенчак силаттан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдені иеленді. Ол 55 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда К.Карпиодан (Филиппин) 27:46 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Әлиям Әзізова қола медальді ғана қанағат тұтты. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды
Алматы қаласында ATP 250 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жекелей сында әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев пен рейтингіде 41-орында тұрған франциялық Корентен Муте жеңімпаз атағын сарапқа салды. Бірінші партия 7:5 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына шешілді. Екіншісінде франциялық спортшы есе қайырды. Есеп – 6:4. Дегенмен шешуші сетте Медведев 6:3 есебімен алға шықты. Осылайша, өз спорттық жолында ATP жарыстарында ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары