Ақтөбеде ел ағалары жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған жас балуан Жаңажол Қуанышбекке бір үйір жылқы сыйлады. Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Грекияның Афина қаласында әлем чемпионы атанған еді. Ол 45 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Соның құрметіне Ақтөбе облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы жас балуанға бір үйір жылқы тарту етті. ...
Read More »Жарыс
Poland Open-2025: Эльмира Сыздықова жарақаттың кесірінен күміс жүлде алып қалды
Күрес түрлерінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан Poland Open турнирінде Эльмира Сыздықова ойда жоқта финалға шыға алмады. Ол 2 тамызда 76 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін таласта бозкілемге шықпай қалды. Кейін оның жарақат алғаны белгілі болды. Бұған дейін спортшы қатарынан үш рет күресіп, үшеуінде де қарсыластарын жеңген еді. Осылайша турнирдің жеңімпаз атағы бразилиялық Тамирес Мартинс Машадоға бұйырды. Ол еш ...
Read More »Рыбакина Канадада камбэк жасады
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты. Ол турнирдің төртінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орында) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина жеті эйс жасап, тоғыз қос қателік жіберді. Тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Енді Елена Рыбакина жартылай финалға ...
Read More »17 жастағы Дамир Жалғасбай алғаш рет ересектер арасындағы турнирді жеңіп алды
17 жастағы Дамир Жалғасбай жұптық сында Испанияның Хатива қаласында өткен ITF M15 турнирінде жеңімпаз атанды. Ол латвиялық Артурс Загарспен бірге барлық ойынды жеңіспен аяқтады. Финалда Жалғасбай мен Загарс швейцариялық Адриен Бурде мен мексикалық Алан Сау Франкомен бас жүлдені сарапқа салып, қарсыластарын 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Осылайша, Дамир Жалғасбай спорттық жолында ересектер арасындағы алғашқы титулын жеңіп алды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Gorky Tennis Park — Roland-Garros-тың ресми клубы
Gorky Tennis Park ең беделді теннис турнирлерінің бірі — Roland-Garros ресми клубы мәртебесін алды. Сөйтіп, ол әлемдегі үш клубтың бірі атанды. Әріптестік Франция теннис федерациясы мен Gorky Tennis Park арасында ресми келісіммен бекітілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Біз тарихи сәтке қол жеткізіп, Қазақстан аумағында үлкен брендтің атынан өкілдік ететінімізге өте қуаныштымыз. Өйткені біздің шешуші міндетіміз – елде теннисті кемеліне ...
Read More »Шахматтан ӘЧ: Қазақстан пара спортшылары тоғыз медаль алды
Үндістанның Гоа қаласында шахматтан 21-30 шілде аралығында өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасының пара спортшылары тоғыз медаль жеңіп алды. Бұл әлемдік додаға 18 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Ол шахматтың классика, блиц және рапид ойын түрлерінен болды. Чемпионатта классикалық шахматтан Аяулым Қамбарова, Бақытжан Майкенов пен Әлімжан Аяпов қола жүлдені иеленсе, блиц ойын түрінен Аяулым Қамбарова мен Бақытжан Майкенов күміс, ал Серік ...
Read More »Конференция лигасы: «Ақтөбе» жарыспен қош айтысты
«Ақтөбе» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасынан жеңіліп қалды. Осыдан бірнеге күн бұрын команда арасындағы ойында Ақтөбенің клубы қарсыласын 2:1 есебімен жеңген еді. Бұл есеп «Ақтөбеге» келесі кезеңге шығуға көп шанс берді. Алайда, олар Прагада осы мүмкіндікті пайдалана алмады. Осы матчта «Спарта» қонақтардан айласын асырып, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері екі голды бірінші таймда, тағы ...
Read More »Конференция лигасы: «Астана» үшінші іріктеу кезеңіне шықты
«Астана» футбол клубы UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Молдованың «Зимбру» командасын жеңіп, келесі айналымға шықты. Бірінші матчта командалар Астанада 1:1 есебімен тең тарқасқан еді. Сол себепті Кишинеудегі ойын аса қызықты және тартысты болды. «Астана» бірінші минуттан бастап шабуылға жиі шығып, алаң иелерінің қақпасына қауіпті жағдай жасап отырды. Соның нәтижесінде Джеффри Чинеду 18-минутта қарсыластар қақпасының кілті тауып, бірінші ...
Read More »Мадхия Усманова — әйелдер күресінен әлем чемпионы!
Мадхия Усманова әйелдер күресінен Грекияның Афина қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Ол 57 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Үндістан өкілі Мониді 6:5 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. 43 килоға дейінгі салмақта Інжу Баққожа қола медаль алды. Бұған дейін грек-рим күресінен Жаңажол Қуанышбек әлем чемпионы атағын алған болатын. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Азия чемпионаты: Қазақстан паратаэквондо құрамасы бес жүлдені жеңіп алды
Малайзияның Кучинг қаласында паратаэквондодан (пумсэ) өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Таеквондо федерациясы. Абзал Ахметкерей (Р31 санаты) мен Карен Овсепян (Р33 санаты) чемпион атанды. Елдос Жәнібек (Р34 санаты) пен Дәурен Серіков (Р33 санаты) күміс жүлдегер болса, Айдарбек Расқалиев (Р21 санаты) қола медальді иеленді. Енді таяу арада Астанада таэквондодан ...
Read More »