• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    BAQ Open by Beeline Janymda турнирінің жеңімпаздары анықталды

    Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанадағы ұлттық теннис орталығында Қазақстан теннис федерациясы мен Beeline Қазақстан компаниясының қолдауымен БАҚ өкілдері арасында BAQ Open by Beeline Janymda турнирі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Астана, Алматы және Тараздан БАҚ өкілдері топтық бәсеке мен плей-офта ойнап, «Мастерс» пен «Фьючерс» санаттары бойынша медальдар мен ынталандыру жүлделерін сарапқа салды. Турнирге 37 қатысушы жиналды. Жүлдегерлер арасынан жаңа есімдер ...

    Read More »

    Желтоқсан батырлары әлі де бабында

    Желтоқсан батырларын есте сақтап, олар туралы үгіт-насихат жұмысын бір сәт тоқтатуға болмайды. Өйткені, олар тәуелсіздігімізді қан төгіп жеңіп алып берген алтын ұрпақтың тамыры болып таралады. Биыл міне, Желтоқсан көтерілісіне 39 жыл толып отыр. Алла нәсіп етсе ендігі жылы 40 жылдық тарихи датаны қарсы аламыз. Қарап отырсақ, қаншама жылдар арада зырлап өте шыққан. Бүгінде бастарын ақ басып, шау тартқан Желтоқсан батырлары ...

    Read More »

    Рим қаласында қысқы Олимпия ойындарының алауы жағылды

    Римдегі Пьяцца дель Квиринале алаңында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпия ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Алау алдыңғы күні Грекиядан жеткізілді. Олимпиада алауын Италия президенті Серджо Маттарелла ресми түрде тұтатты. Іс-шараға Халықаралық Олимпиялық комитетінің президенті Кирсти Ковентри, Олимпия ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Джованни Малаго мен Италияның Ұлттық Олимпиялық комитетінің жетекшілері қатысты. Кирсти Ковентри құттықтау сөзінде Олимпиада алауының ...

    Read More »

    18 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде 241 сатыға шықты

    Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингідегі орындары белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 11-орында қалса, Александр Шевченко 96-дан 95-ке ауысты. Дмитрий Попко 224-тен 223-ке көтерілсе, Тимофей Скатов 239-ға тұрақтады. Бейбіт Жұқаев 279-дан 280-ге, Михаил Кукушкин 294-тен 299-ға төмендеді. Жаңартылған рейтингіде ерекше серпіліс жасаған теннисшінің бірі Денис Евсеев болды. Өткен аптада Исламабад ...

    Read More »

    Каратэден ӘЧ: Софья Берульцева – күміс жүлдегер!

    Ұлттық құраманың көшбасшысы Софья Берульцева Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және және министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз +68 кг салмақтың финалында Германия спортшысы Йоханна Колено Книрмен күш сынасты. Тартысты жекпе-жекте қарсылас басым түсті. Осыған қарамастан Софья Берульцева қазақ спорты тарихындағы ең табысты каратэ шеберінің бірі болып қала береді. Оның ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Кристина Шумекова тағы да алтын жүлдені жеңіп алды

    Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде үш дүркін алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ол 30 қарашада 1500 метрлік қашықтықта мәреге бірінші болып жетті. Екінші болып жапониялық Аяно Секигучи келсе, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді. Бір күн бұрын Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда да бірінші орын алған еді. ...

    Read More »

    Каратэден ӘЧ: Дидар Әмірәлі мен Әсел Қанай – қола жүлдегер!

    Бүгін Мысырдың астанасы Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында кумитеден 61 кг дейінгі салмақта отандасымыз Әсел Қанай мен 67 келіге дейінгі салмақта Дидар Әмірәлі үздік үштіктен көрінді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Әсел Қанай жүлде жолында украин Олександра Шолоховадан басым түсті. Есеп: 3:2. Әселдің биылғы чемпионаттағы жекпе-жектеріне шолу: Топтық кезең: Әсел Қанай ...

    Read More »

    Шымкентте қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының жалауы желбіреді

    Шымкент қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады  Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Ұлттық спортты ұлықтаған айтулы дода «Жеңілатлетикалық манеж» спорт кешенінде болып, елдің түкпір-түкпірінен жиналған балуандардың басын қосты. Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінде Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жолдықараев, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Қайрат Пазылбек, Qazaq ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Кристина Шумекова екі алтын медаль жеңіп алды

    Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Милан (Италия) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Спортшы 1000 және 3000 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алды. 1000 метр Кристина Шумекова Аяно Секигучи (Жапония) Ханна Мазур (Польша) 3000 метр Кристина Шумекова Лике Хейзинк (Нидерланд) Цзяминь Цзян (Қытай) Нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста ...

    Read More »

    Сүйінші! Ләззат Жүсіпова пара-каратэден тарихи жүлде жеңіп алды

    Бүгін Мысырдың астанасы Каир қаласында пара-каратэден (WKF) әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі. Биылғы додада Қазақстан құрамасының қоржынына 1 қола жүлде түсті. К10 категориясында (зағип/көзі нашар көретін спортшылар) сынға түскен отандасымыз Ләззат Жүсіпова үздік үштікке кірді. Жаттықтырушысы — Мейрамгүл Дукуева. Спортшы 2017 жылдан бері әлемдік додаға қатысып келеді. Бұл — Қазақстан қоржынына пара-каратэшілер арасында түскен алғашқы ...

    Read More »