Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан Францияның Тинь қаласында өткен халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында екі алтын және екі қола жүлде бар. Әйелдер арасындағы жарыста Анастасия Городко екі рет құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев қола жүлдеге ие болды. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Жарыс
Жеңістің жолын ашатын кілт – еңбек
Еңбек етпей ешнәрсеге қол жеткізу мүмкін емес. Талмай жасаған табанды еңбектің нәтижесінде адам бір жетістікке жете алады. «Кім көп еңбек етсе, бақыт соған қонады», — деген екен Леонардо Да Винчи. Мысалы, спортта аттары әлемге әйгілі Пеле, Мұхаммед Әли, Майкл Фелппс, Усейн Болт, Тедди Риннер, Александр Медведь секілді аттарын айта берсең, шексіз біртуар тұлғалар сондай ғаламат жетістіктерге жетуінің басты себебі, талмай ...
Read More »Әмір Закиров — брейкингтен әлем чемпионы!
Әмір Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан брейкингтен WFADS тұжырымы бойынша әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. B-Boy Amir лақап атымен танылған спортшымыз ересектер арасында ешкімге дес бермеді. Финалда жерлесіміз америкалық Мигель Анхель Росарионы (Bboy Gravety) жеңді. Осы арқылы Әмір Закиров қазақ брейкингінің әлемдік аренада жоғарғы бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Закиров ...
Read More »Теннисшілер Түркиядағы турнирде үздік шықты
Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды. Олар жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелді. Финалда теннисшілер армениялық Ани Амирагян мен түркиялық Ада Кумрумен ойнады. Матчта отандастарымыз қарсыластарын 5:7, 6:4, 11:9 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін А.Арыстанбекова мен І.Дүйсебай тамыз айында Астанада Президент кубогы үшін өткен ITF W15 додасында үздік шыққан еді. Дастан ...
Read More »Қазақстан қысқы Олимпиадаға тағы 12 лицензия жеңіп алды
Конькимен жүгіруден 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 лицензия жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. -Лицензия иегерлерінің есімі мен спортшылар саны ұлттық құрама бас жаттықтырушысының шешімінен кейін белгілі болады. Болжам бойынша, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден ел намысын 5 спортшы қорғайды. Естеріңізге сала ...
Read More »ITF W15: қазақ қыздары жарыс көрігін қыздырып жатыр
Теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінде жарыс көрігін қыздырып жатыр. Олар жартылай финалға шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыста қазақ қыздары 4-ракетка болып тіркелген. Ширек финалда теннисшілер Мажарстанның Мелинда Биро мен Аустрияның Клаудиа Гаспарович есімді қарсыластарымен ойнады. Ойында Асылжан мен Іңкәр қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ...
Read More »Australian Open, қазақ балаларын қарсы ал!
Мельбурн қаласында 24 қаңтар — 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатына қатысатын теннисшілердің тізімі жарияланды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. -Қазақстаннан негізгі жарыста үш жас теннисші бақ сынайды. Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 24-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Аустралия чемпионатында 10-ракетка болып тіркелген. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында әлемнің 60-ракеткасы Дамир Жалғасбай және рейтингіде 94-сатыдағы Даниэль Тазабеков өнер көрсетеді, — делінген ...
Read More »Айбар Қайым семсерлесуден Әлем кубогы кезеңін жеңіп алды
Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германияда кадеттер арасында өткен Әлем кубогының кезеңін жеңіп алды. Ол семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды. Финалда Айбар Қайым Германия өкілі Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді. Бұған дейін де спортшы Әлем кубогының кезеңдерінде екі мәрте жеңіске жеткен болатын. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Сайыпқыран. Жас палуанның жарқын жетістіктері
Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы Нұрасыл Асылханұлы Аманалы – бүгінде грек-рим күресінен ел назарын өзіне аударып жүрген жас спортшылардың бірі. Нұрасыл 2005 жылғы 9 қаңтарда туған. Бала кезінен спортқа бейім болып өскен ол грек-рим күресін өмірлік жолы ретінде таңдады. Қазіргі таңда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алып, оқу мен спортты қатар алып ...
Read More »Жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ойындардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 68 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар. Жалпы медальдық есепте Қазақстан командасы 45 мемлекеттің ішінде бесінші орынға ие болды. Жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары