• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    Қамшыбек Қоңқабаев: «Олимпиадада қателеспеуге тырысамын»

    Астанада бокстан 13-18 мамыр аралығында өтетін «Елорда кубогы» турниріне ұлттық құрама команданың аса ауыр салмақтағы боксшысы, Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев та қатысады. Қазір ол ұлттық құраманың басқа да боксшыларымен бірге турнирге дайындалып жатыр. Қоңқабаев Олимпиадаға жолдаманы бәрінен бұрын алып қойған. Ол былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарының финалында өзбекстандық Баходир Жалоловтан жеңілсе де Олипиадаға ...

    Read More »

    Астанада бокстан «Елорда кубогы» турнирі басталады (ВИДЕО)

    13-18 мамыр аралығында Астанада бокстан «Елорда кубогы» турнирі болады. Оған қатысатын боксшылар анықталды, деп хабарлады Olympic.kz. Турнирге ұлттық құраманың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі спортшылары қатысады. Олардың арасында Олимпиада жолдамасының иегерлері Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Айбек Оралбай (92 кг) мен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) бар. Сондай-ақ, жарыста әлем ...

    Read More »

    Төрехан Сабырхан бокстан төрт дүркін Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Бокстан Астанада өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Төрехан Сабырхан төрт дүркін Азия чемпионы атанды. 67 келі салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан Өзбекстанның боксшысы Мұхаммадазизбек Исмаиловты жеңді. Финалда ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Одан басқа Өнер Сейілхан, Толғанай Қасымхан, Аяжан Ермек, Алексей Хаванцев, Аяжан Сыдық өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. Сабырхан Төрехан – 2023 жылғы әлем чемпионы ...

    Read More »

    Намиб ультрамарафон: желаяқ журналист үздік бестіктен көрінді (ФОТО)

    Белгілі журналист, кәсіпкер, былтыр АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында алғаш болып отандастарымыздың арасында алты мэйжор марафонды sub 3, яғни 3 сағат ішінде жүгірген Еренғайып Қуатайұлы Африканың Намибия елінде өткен ультрамарафонға қатысып, үздік бестіктен көрінді. Ол соңғы рет наурыз айында Португалияның Лиссабон қаласында жалауы желбіреген Lisbon half marathon-2024 марафонына қатысқан болатын. Содан кейін Африканың Намибия мемлекетіне барып, тағы да бағын сынап көрді. Бұл жолы марафоншы жер-жүзіндегі ең ...

    Read More »

    Тау тұлға ағамыздың турнирі (ФОТО)

    Алматыда аты әлемге мәшһүр балуан, Олимпиада және әлем чемпионы, «Еңбек ері» атағының иегері Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында республикалық турнирдің жалауы көтерілді. Жақсылық ағамызды артық айтқанымыз емес, жас та кәрі де жақсы көруші еді. Өйткені, Жәкең марқұм жетімнің басын сипап, жесірге жәрдем, еліне демеу болған, халық сүйіп құрметтейтін ерекші тұлға болғанын жақсы білеміз. Алысқа бармай-ақ өз шаруашылығын дөңгелетіп ...

    Read More »

    Қазақстан көркем жүзуден екінші рет жүлдегер атанды

    Көркем жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары Эдуард Ким мен Наргиза Болатова Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының иегері атанып, қола жүлдені де жеңіп алды. Қазақстан дуэті техникалық бағдарламада 216.3250 балл алды. Одан кейінгі сатыға Италия құрамасы (Филиппо Пелати мен Сара Мария Ризеа) 207.5367 ұпаймен, Испания командасы (Жорди Касирес Иглесиас мен Жудиз Калво Реквена) 198.8417 ұпаймен орналасты. Еліміздің тағы бір жұбы ...

    Read More »

    Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы алтын жүлдені жеңіп алды

    Чехияның Пльзень қаласында өткен Гран-при жарысында Қазақстан құрамасы тағы бірнеше жүлдеге ие болды. Әуелі аралас қарқында қозғалатын жылжымалы нысана көздеуде  (10 метр) ерлер арасында Андрей Худяков, Асадбек Назиркульев, Даниил Яковенко үштігі топ жарып, алтын медальді жеңіп алды. Дәл осы бағдарламада әйелдер арасында Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова, Зухра Ирназаровадан құралған команда күміс медаль иеленді. Одан кейін ұлттық құраманың спортшысы Максим Мазепа ...

    Read More »

    Grand Slam турнирі: Қазақстан тағы екі жүлде алды

    Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласында дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінде күміс жүлде алған Мағжан Шамшидиннен кейін тағы екі балуан медалист болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 81 келі салмақтағы Абылайхан Жұбаназар мен Дархан Қойбағар (73 кг) қола жүлдегер атанды. Дархан Қойбағар Үлкен дулыға санатындағы жарыста алғаш рет жүлде алды. Ол кіші финалда Дархан моңғолиялық Ерденбаяр ...

    Read More »

    Нысана көздеу: Қазақстан Гран-при жарысында екі медаль иеленді

    Нысана көздеуден Чехияның Пльзень қаласында өтіп жатқан Гран-при жарысында Қазақстан спортшылары екі медальді жеңіп алды. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға көздеуден командалық сында әйелдер арасында Зухра Ирназарова, Александра Садуақасова мен Фатима Ирназарова үштігі күміс жүлдені иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада еліміздің ерлер құрамасы (Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков) қола жүлдене ие болды. Әлемдік додаға 23 елден 550 спортшы қатысып ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты

    Теннисші Жібек Құламбаева Тунистің Хаммамет қаласында өтіп жатқан  ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Спортшы алдымен дүниежүзілік рейтингіде 1351-орында тұрған франциялық Эмма Маззониден 6:0, 6:2 есебімен басым түсті. Одан кейін екінші айналымда әлемнің 362-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, швейцариялық Сюзан Бандеччиді аса тартысты бәсекеде 6:3, 1:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Құламбаеваның ширек финалдағы кездесуі де оңайға ...

    Read More »