2026–2027 жылғы маусым күнтізбесіне сәйкес, волейболдан жастар лигасының екінші туры оқушылардың күзгі демалысы қарсаңында еліміздің бес өңірінде өтеді.
Ұлдар арасындағы ойындар төрт жас санаты бойынша ұйымдастырылады. 2014–2015 жылы туған спортшылар Өскемен қаласында, 2012–2013 жылы туғандар Шиелі ауданында, 2010–2011 жылы туғандар Шымкент қаласында бақ сынайды. Ал 2009 жылы туған және одан кіші жастағы ойыншылар Қазалы ауданында жарысқа түседі.
Қыздар арасында 2014–2015 және 2012–2013 жылы туған спортшылар Өскемен қаласында өнер көрсетсе, 2010–2011 жылы туғандар Талдықорғанда, 2009 жылы туған және одан кіші жастағылар Павлодар қаласында күш сынасады.
Жастар лигасының жаңа маусымы төрт турдан тұрады. Ел чемпиондары 2027 жылы барлық турдың қорытындысы бойынша анықталады.
Биылғы маусымда балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілерімен қатар, жекеменшік волейбол академияларының ойыншылары да жарысқа қатысады. Бұл командалар арасындағы бәсекелестікті арттырып, жас волейболшылардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.
Нұрпейіс ҚОНЫСБАЙ,
волейболдан мемлекеттік жаттықтырушы
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары