Спорт журналисі Ақырыс Сейітқазы жас талант Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған кезде оның жаттықтырушысы Алексей Урмановқа видеоқоңырау соғып, әңгімелескен екен. Оны әріптесіміз бүгін Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады SportPress.kz -Милан уақыты түнге жақындап, бізде түн ортасы болғанда Шайдоровты Олимп шыңына жетелеген бапкер, даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы Алексей Урмановпен видеоқоңырау арқылы тілдестім. Спорт әлеміндегі аңыз адамдардың бірі болғандықтан, қобалжығаным ...
Read More »Жарыс
Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұл балуандарға шеберлігін көрсетті
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында тағылымы мол кездесу болды, Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Қазақтан шыққан кәсіпқой сумошы, Жапония төрінде топ жарып жүрген жалғыз қазақ Ерсін Балтағұл кәсіби спортшылармен және жас балуандармен жүздесті. Кездесуге қазақ күресінің абсолютті салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген түйе балуандар, сондай-ақ Qazaqstan Barysy республикалық турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері Бейбіт Ыстыбаев, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Ерасыл Қажыбаев пен ...
Read More »Илья Мизерных Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтижені тіркеді
Италияның Валь-ди-Фьемме кластерінде шаңғымен тұғырдан секіруден үлкен трамплинде Илья Мизерных пен Данил Васильев те финалда өнер көрсетті. Ал Илья Мизерных іріктеу кезеңінде көпшілікті таңғалдырып, ТОП-10-ға кірді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Канвон Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных іріктеу кезеңінде ең ұзақ 140,5 метрге дейін секірді. Жүлдегерлер: 1-орын. Домен Превц (Словения) — 301.8 ұпай 2-орын. Рен Никайдо ...
Read More »Ризабек Айтмұқан Super 4 Wrestling турнирде жеңімпаз атанды
Еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұқан (97 келі) Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен халықаралық Super 4 Wrestling турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат. -Финалдық белдесуде ол ресейлік Әлихан Кцоевты 3:0 есебімен қапы қалдырды. Нәтижесінде халықаралық турнирдің чемионы атағын жеңіп алды. Отандасымыз одан бұрын болгариялық Ахмед Батаевтан басым түсті. Ризабек Айтмұқан 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2023, 2024, 2025 жылдары Азия чемпионатында күміс ...
Read More »Михаил Шайдоров – Олимпия ойындарының чемпионы!
Бүгін түнде Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпия ойындарынан қуанышты хабар келіп жетті. Мұнда мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламада ерлер арасында өткен жекелей бәсекеде 21 жастағы жас таант Михаил Шайдоров жарыс жолына шығып, Олимпиада чемпионы атанды. Ол қазақтың әлемге әйгілі әншісі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Confessa» мен «The Diva Dance» әнін таңдап, мұз айдында еркін көсілді. Жас талант ...
Read More »Пара шабандоздар Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
Сауд Арабиясында өтіп жатқан шосседегі пара велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде еліміздің спортшылары 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль еншіледі, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК. 26,8 км қашықтықтағы В класы бойынша ерлер арасындағы тандемдік жекелей сында Кирилл Ильюкевич (стокер) пен Глеб ...
Read More »Елизавета Безрукова тағы да Азия чемпионы атағын жеңіп алды
Үндістанның астанасы Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатының шешуші жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын және күміс жүлделер түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда ұлттық құрама команданың спортшысы Елизавета Безрукова алтыннан алқа тақты. Отандасымыз жарыста 623.4 ұпай жинады. 50 м, жатып нысана көздеуден жүлдегерлер: Елизавета ...
Read More »Астанаға жапон күресінің жампозы Ерсін Балтағұл келе жатыр
15 ақпанда сағат 15.00-де Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында кәсіби сумо шебері Ерсін Балтағұлмен кездесу болады, Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Ерсін Балтағұл – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби сумошы әрі қазіргі таңда Жапонияда жоғары нәтижелерге жеткен Қазақстанның жалғыз өкілі. Ол спорттық жолын қазақ күресі мен дзюдодан бастап, ұлттық мектептен шыңдалып, халықаралық деңгейде табысқа жеткен. Алматы қаласының тумасы Жапониядағы ...
Read More »Берекелі бастама
«Жақсы істің басына жақсы келер қасына» демекші, Алматы қаласында таеквандо спортынан жаңадан шаңырағы көтерілген Халықаралық қоғамдық одақтың ресми ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған алқалы отырысқа осы спорт түрінен ел елге танымал ардагер жаттықтырушылар мен Желтоқсан батырлары келіп қатысты. Осылайша, жақсы бір игі істің тұсауы кесіліп жатқанда Желтоқсан батырлары да шет қалмай келіп қолдау көрсеткендері көңілге қонады. Өйткені, тәуелсіздігімізді жеңіп алып берген ...
Read More »Ислам Сәтпаев Азия чемпионы атанды
Олимпия ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Мерген пневматикалық винтовкамен 50 метр қашықтықтан жатып ату жаттығуында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл бағдарламада Никита Шахторин екінші орынды иеленді. Сондай-ақ жарыстың кезекті күнінде Никита Чирюкин күміс медаль жеңіп алды. Ол тапаншамен 25 метр ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары