• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақстанға бокстан Кубаның ерлер құрамасы келді

    Қазақстанға бокстан Кубаның ерлер құрамасы келді. Бостандық елінің боксшылары еліміздің былғары қолғап шеберлерімен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысып, Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Қонақтар қатарында барлығы 9 былғары қолғап шебері мен екі жаттықтырушы келді. Олардың арасында әлем чемпионатының және Панамерикалық чемпионаттың қазіргі финалистері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Негізгі екпін олимпиадалық ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасының үш боксшысы әлем чемпионы атанды

    Арменияның Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Толғанай Қасымхан, Аяжан Сыдық пен Айсұлу Мұхит алтын медальді жеңіп алды. Аяжан Сыдық 54 кг салмақта финалда Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесіп, оны  5:0 есебімен жеңді. Толғанай Қасымхан 60 кг салмақта ресейлік Кира Леоновадан 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша ол Қазақстан құрамасына екінші алтын жүлдені сыйлады. Үшінші алтын жүлдені  66 ...

    Read More »

    «Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі сатысына шыға алмады (ВИДЕО)

    «Қайрат» футзал командасы Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы екінші ойынын Словенияның «Добовец» клубымен өткізіп, 7:0 есебімен жеңіске жетті. Алматының командасы Косовоның Приштина қаласында В тобында сынға түсті. «Қайрат» «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) пен «Приштина» (Косово) клубтарымен ойнады. Алматы командасында Кайо Руис 15-ші, Дуглас Жуниор 17-минутта голдардың авторы атанды. Одан кейін Алекс Виана 22 және 40-шы, Біржан Оразов 23-ші, Альберт Ақбалықов 28-минутта ...

    Read More »

    EURO-2024 жеребесі тартылды

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды. Бұл чемпионат 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияда өтеді. Жеребе тарту рәсімінде белгілі болғандай, құрлықтық дода 14 маусымда Германия мен Шотландия матчымен ашылады. Одан басқа, рәсімде ұлттық құрамалардың қай топқа түскені анықталды. Бір атап өтетін жайт, Еуропа чемпионатына Ұлттар лигасы арқылы шығатын командалардың да топтары белгілі болды. Бұл командалар төменде ...

    Read More »

    Футболдан ұлттық құрама FIFA рейтингінде 100 елдің қатарында тұр

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының қараша айындағы FIFA рейтингіндегі орны белгілі болды. Ұлттық құрама Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы екі ойынның нәтижесі бойынша, яғни Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңіп, Словениядан 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін екі орынға төмен түсті. Сөйтіп, 100-орынға орналасты. Ал әйелдер құрамасы 99-орынға жайғасты. Әлемдік рейтингті Аргентина құрамасы бастап келеді. Одан кейін Франция мен Англия алғашқы үштікте тұр. ТОП-10 ...

    Read More »

    Аманғали Бекболатов – грек-рим күресінен әскерилер арасындағы әлем чемпионы! (ВИДЕО)

    Әзербайжанның Баку қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аманғали Беқболатов  грек-рим күресінен әскери қызметкерлер арасында өткен әдем чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрінді, деп хабарлады Күрес түрлері федерациясы. Аманғали Бекболатов еліміздің намысын халықаралық аренада қорғап келе жатқан талантты балуандарымыздың бірі. Ол биыл Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында өткен рейтингілік турнирде де атой салып, өз салмағында, яғни ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Астана» клубына плей-оффқа шығуға әлі де мүмкіндік бар

    Еуропаның бірнеше қаласында УЕФА Конференция лигасы топтық турнирінің мачтары болды. «Астана» клубы өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» командасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчта қарсыластар екінші таймда екі гол салып, жеңіске жетті. Бірінші таймда «Астанаға» есеп ашуға тамаша мүмкіндік болды. 9-минутта төреші қонақтардың қорғаушысы «Астананың» жартылай қорғаушысы Эльхан Астановты айыпдоп алаңында құлатқаннан кейін, пенальти белгіледі. Алайда Дембо Дарбо қақпаны ...

    Read More »

    Жас теннисшілер «Үлкен дулыға» турниріне жолдама алды

    Теннисшілер Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында өтетін «Үлкен дулыға» турнирі – Австралия ашық чемпионатына қатысады. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Даниал Рахматуллаев, Виталий Зацепин, Ілияс Маратұлы пен Айя Нұпбай Австралия чемпионатының іріктеу турнирінде бақ сынайды. «Үлкен дулыға» турнирі келесі жылдың 20-27 қаңтар аралығында өтеді. Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов 16 жаста. Жасөспірімдердің әлемдік рейтингінде 55-орында тұр. Ол ITF ...

    Read More »

    Футболда алаңнан уақытша қуу жазасы пайда болады (ВИДЕО)

    Алдағы кезде кәсіпқой футбол ережесінде футболшыны алаңда уақытша қуу жазасы пайда болады, деп хабарлады The Telegraph. Британиялық басылымның хабарлауынша,  футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі уақытша шектеуді енгізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл жаңа ереже келесі жылдан бастап енгізілуі мүмкін. IFAB қызыл қағаз көрсетуге жеткіліксіз, бірақ қатардағы ескерту үшін өте ауыр келетін тәртіп бұзушылық үшін футболшыны 10 минут уақытқа шеттейтін болады, — делінген ...

    Read More »

    Түсіме күрес кірмейді – Александр Карелин

    Жақында Астанаға грек-рим күресінен Олимпиаданың үш дүркін чемпионы, тоғыз дүркін әлем және он екі дүркін Еуропа чемпионы, Ресей батыры, Мемлекеттік думаның депутаты Александр Карелин келіп, Ұлттық Олимпиада комитетінде жас спортшылармен кездескен екен. Мен атақты балуанмен осыдан 13 жыл бұрын кездесіп, өзім жұмыс істеген «Егемен Қазақстан» газетіне аз-кем сұхбат алып едім. Сол кезде Карелин ұмытпасам, грек-рим күресінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы ...

    Read More »