• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Спортшылар Президент іс басқармасы ауруханасында тегін емделеді

    Қазақстан Республикасы Президент іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы мен «Қазақстандық спортшылар одағы» РҚБ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді аурухананың спорттық медицина орталығында отандық спортшылар консультациялық-диагностикалық және хирургиялық қызметтерді тегін ала алады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Меморандумға қол қойылған соң, ҚР ПІБ МО ауруханасының спорттық медицина орталығының басшысы Асқар Баймұхаметов аталған құжаттың мәні мен маңызын айтса, «Қазақстандық спортшылар ...

    Read More »

    Спортшы мен жаттықтырушыға берілетін ай сайынғы төлемнің мөлшері өзгереді

    Олимпиада медаліне үміткер спортшыға берілетін ай сайынғы төлемнің мөлшері өзгереді. Бұл туралы  Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Мәдениет және спорт министрлігі жоғары санатты спортшылар, жаттықтырушылар және жоғары санатты спортшыларды даярлайтын дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарт бойынша ақша төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» бұйрыққа өзгертулер әзірледі. Бұйрық жобасына сәйкес, қолданыстағы құжатқа спортшылармен және олардың жаттықтырушыларымен жасалған шарт ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан WTA 1000 турнирдің ширек финалына шықты. Ол 1/8 финалда америкалық US Open 2017 турнирінің жеңімпазы, WTA рейтингінде 38-орында тұрған АҚШ спортшысы, US Open-2017 чемпионы Слоан Стивенсті жеңіп, ширек финалға шықты. Бірінші сетте Рыбакина қарсыласын 6:3 есебімен ұтты. Ойынның екінші партиясында Рыбакинаның оң жақ иығының ауыратынын айтып,  медициналық тайм-аут алды. Бірақ ол көп ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Тобыл» мен «Ақтөбе» үшінші іріктеу турнирін бастады (ВИДЕО)

    Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу турнирінде Қостанайдың «Тобыл» клубы мен Ақтөбенің «Ақтөбе» командасы қарсыластарымен кездесті. «Тобыл» өз алаңында Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» жасағымен ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. «Ақтөбе» сырт алаңда Румынияның «Сепси» клубымен 1:1 есебімен тең түсті. «Тобылдың» құрамында жалғыз голды ойынның 68-минутында Роман Асранкулов салды. Енді командалардың келесі матчы 17 тамызда болады. Қостанайдың командасы бұған дейін Финляндияның ...

    Read More »

    Көкпардан Қазақстан чемпионаты аяқталды (ФОТО)

    Қостанай қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Қостанай облысының әкімдігі ұйымдастыруымен көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің 15 өңірінен келген 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер командалары өзара ең мықтыны анықтады. Алты күн бойы Қостанай атшабарын додаға айналдырға дүбірлі жарыста ұлттық ойынның жаңа да жас буыны қалыптасқаны анық көрінді. Чемпионатта ...

    Read More »

    Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын құрама анықталды

    14-20 тамызда Иорданияның астанасы – Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл дүрмекті додаға әйелдер күресінен де Қазақстан құрамасы қатысады. Қазақстан құрамасының тізімі төменде жарияланып отыр. 50 кг — Лаура Ғаниқызы; 53 кг- Алтын Шағаева; 55 кг — Зейнеп Баянова; 57 кг — Шұғыла Өмірбек; 59 кг — Мәдина Аман; 62 кг — Тыныс ...

    Read More »

    ТМД II ойындары: Қазақстанның еркін күрес шеберлері төрт жүлде алды

    Беларусь елінде өтіп жатқан ТМД ІІ  ойындарының алтыншы күні еркін күрестен ел қоржынына 4 төрт жүлде түсті. Солигорск қаласында өткен еркін күрестен 57 келіде сынға түскен Ерасыл Мұхтарұлы финалда ресейлік балуан Начын Монгуштан ұтылып, күміс жүлдегер атанды. 79 келідегі Арсен Өміржан да финалда ресейлік Магомед Магомаевтан жеңіліп, күміс медальге  ие болса, 86 кг салмақтағы Мақсат Сатыбалды финалда әзербайжан балуаны Арсений ...

    Read More »

    Еуропа лигасы: «Астана» «Лудогорецті» ұтты (ВИДЕО)

    Футболдан UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу турнирінде «Астана» клубы Болгарияның «Лудогорец»  командасымен кездесіп, 2:1 есебімен ұтты. Бұл матчта бірінші болып «Лудогорецтің» ойыншылары есеп ашты. 34-минутта Болгария клубының шабуылшысы Ноа Сундберг нысананы дәл көздеді. Одан кейін 40-минутта Жарко Томашевич таразы басын теңестірді. Осы жерде айтатын бір нәрсе, «Астана» өз алаңында бірінші болып қақпасына гол жіберіп алса да «психологиялық соққыдан» өздеріне тез ...

    Read More »

    Әлем чемпионатына грек-рим күресі құрамасы жасақталды

    14-20 тамызда Иорданияның астанасы — Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионаты грек-рим күресінен ұлттық құрама да жасақталды. Бұған дейін оқырманның назарына әлемдік додада ел намысын қорғайтын Қазақстанның еркін күрес құрамасын таныстырыған болатынбыз. Енді назарларыңызға грек-рим күресі балуандарының тіізімін ұсынамыз: 55 кг — Исхар Құрбаев (Алматы облысы); 60 кг — Сайфулла Құрман (Ақтөбе облысы); 63 ...

    Read More »

    Күрестен әлем чемпионатына еркін күрестен құрама бара жатыр

    14-20 тамызда Иорданияның астанасы — Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл дода негізі Польшаның астанасы — Варшава қаласында өтуі керек болатын. Алайда Польша елі спортшылардың қауіпсіздігіне кепілдік бермегендіктен Біріккен күрес әлемі (UWW) 21 жасқа дейінгі спортшылардың басты додасын Иорданияның астанасы — Амман қаласына ауыстыруға шешім қабылдады. Бұл жолғы дүбірлі додаға 672 балуан қатысып, ...

    Read More »