• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Азия чемпионаты: Қазақстан балуандары 2 алтын, 2 қола жүлде алды

    Бүгін Амман қаласында күрес түрлерінен 15 және 20 Азия чемпионатының (U15&U20) үшінші күні бозкілемге U15 еркін күрес балуандары шығып, ел қоржынына 2 алтын және 2 қола жүлде түсті. Атап айтар болсақ, 44 келідегі Саят Әбдуали Иран балуаны Кейван Аршадгасабсарайдан, 52 келідегі Бекасыл Асамбек жапондық Тайга Хибаринодан басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Бұдан бөлек 48 келідегі Ералы Әскербек пен 85 келідегі ...

    Read More »

    Даниал Рахматуллаев әлемдегі үздік 200 жас теннисшінің қатарына қосылды

    Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кішілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті. Бұл туралы Теннис федерациясы хабарлады. Теннисші Даниал Рахматуллаев Ирандағы екі бірдей жарыста жеңімпаз атанып, 284-тен бірден 189-орынға көтерілді. Сөйтіп, ол әлемдегі үздік 200 жасөспірім теннисшінің қатарына кірді. Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындап қалды. Қазір ол 150-сатыда тұр. Сондай-ақ Максим Батютенко – 176, Виталий Зацепин – 235, ...

    Read More »

    Жалғас Жұмағұлов UFC-ден шығарылды

    Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC-ден шығарылды. Бұл туралы Twitter-дегі UFC Roster Watch парақшасында хабарланды. Спортшы UFC-де 1 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілді. Ол соңғы жекпе-жегінде Джошуа Вануға (8-1) есе жіберген еді. Сонымен, Жұмағұловтың есебінде UFC-де 1 жеңіс пен 6 жеңіліс бар. Осылайша ол 3 жекпе-жекте бөлек шешіммен жеңілген алғашқы жауынгер болды.   Дәурен ЕРБОЛАТ, АСТАНА

    Read More »

    Еркін күрес: Қазақстан балуандары рейтингтік жарыста үш жүлде иеленді

    Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан биылғы соңғы төртінші рейтингтік турнирінің алғашқы күні еркін күрес балуандары боз кілемге шықты. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан балуандары 3 медаль иеленді. 74 кг салмақта күрескен Нұрқожа Қайпанов финалға жетіп сүрінді. Финалда ол алаң иесі Мурад Курамагомедовқа есе жіберіп, күміс медаль алды. 92 кг салмақтағы Ризабек Айтмұқан қола медаль иеленді. Ризабек қола медаль үшін ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

    Таиландтың астанасы — Бангкокта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан XXV Азия чемпионатында биіктікке секіруден ұлттық құрамагың спортшысы Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды. Екі қазақстандық атлет 1,86 метрге секірген. Кристина алғаш болып осы көрсеткішті тіркегендіктен бас жүлдені алды. Қола медаль өзбекстандық Светлана Радзивилге бұйырды (1,83 метр). Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміспен жалпы есепте 4-орында келеді. ...

    Read More »

    Месси жаңа клубында медициналық тексерістен өтті

    Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшы Лионель Месси «Интер Майами» клубының жаттығуында болды. Осы жерде ол болашақ командаластарымен кездесті. ESPN-нің хабаралуынша, кездесуден кейін медициналық тексерістен де өткен. Бірақ «Интер Майами» клубының басшылығы оның фотосуреттерін ресми түрде келісімшарт жасалмайынша жариялауға рұқсат бермеді. «Интер Майами» клубы АҚШ-тың MLS лигасында ойнайды. Клубқа Англия құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм бірігіп қожалық етеді. Месси 2021 жылдан бастап ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстанның тағы үш балуаны жүлде алды

    Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды. 12 шілдеде күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында жалауын көтерген Азия чемпионатының екінші күні әйелдер күресінен ел құрамасы қоржынына үш жүлде түсті. Азия чемпионатында Сания Солтанғали (39 кг) мен Мейрамгүл Ахметжан (46 кг) финалда қарсыластарына есе жіберіп, ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Тобыл» алғашқы матчта жеңіске жетті

    УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу сатысында Қостанайдың «Тобыл» клубы өз алаңында Финляндияның «Хонка» командасымен кездесіп, қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты.   Бірінші таймда Суоми елінің өкілдері есеп ашты. Ойынның 39-минутында Лукас Кауфманн 39-минутта нысананы діл көздеп, командасын алға шығарды. Екінші таймда «Тобылдың» ойыншысы Мильян Вукадинович 62-минутта есепті теңестірді. убль мергендік танытты. Екі команда арасындағы қарымта кездесу 20 шілдеге белгіленген. Одан кейін ол ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстан балуандары 8 медаль алды (ФОТО)

    Иорданияның астанасы — Амман қаласында күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасының U15 грек-рим күресінің жас балуандары 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді. Атап айтар болсақ Диас Маратов (48 кг), Досбол Шәміл (57 кг) және Әбілмансұр Ахалбек (68 кг) Азия чемпиондары ...

    Read More »

    «Допты дәл бере алмадым»:  Рыбакина Уимблдондағы жеңілісі туралы

    Теннисші Елена Рыбакина өзінің Уимблдон турниріндегі кешегі жеңілісі туралы айтып берді. Оның айтуынша, тунистік Онс Жабермен ширек финалдағы матчтың қиын болған. Ойын қиын болды. Оны жасыра алмаймын.  Матчта жанкүйерлер қарсыласымды көп қолдады. Ол маған әсер еткен жоқ. Мен оған назар аудармадым. Өткен жылғы финалмен салыстырғанда, қарсыласым жақсы ойнады. Өзімде де, әсіресе, екінші сетте көптеген мүмкіндіктер болды. Алайда доп берудегі дәлдігім ...

    Read More »