• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Теннисші Айя Нұпбай ITF J200 Juniors Almaty турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Айя Нұпбай жұптық сында Алматы қаласында өткен ITF J200 Juniors Almaty турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ол ресейлік Полина Кухаренкомен бірге финалда Полина Слепцова мен америкалық Амина Салибаеваны 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

    Тағы бір теннисшіміз София Исакова жекелей сында Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында болған ITF J60 Juniors турнирінде отандасы Ариана Колбасинадан айласын асырды. Бұл матчтағы есеп 6:1 болып аяқталды.

    Бір апта бұрын Шолпан-Атада София Исакова жекелей сында ITF J30 турнирінде жеңімпаз атанған еді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *