• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің негізгі кезеңіне шықты

    Бейбіт Жұқаев теннистен Ұлыбританияның Илкли қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің іріктеу жарысында жақсы ойнап, негізгі кезеңге шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ол әуелі әлемнің 177-ракеткасы, португалиялық Жайме Фариямен екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта қарсыласын 6:3, 6:7 (5:7), 6:1) есебімен жеңді.

    Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 190-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лоренмен ойында да 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

    Осылайша, Бейбіт Жұқаев жүлде қоры 148 625 еуроға бағаланған негізгі жарысқа жолдама алды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *