• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Президент кубогы: Қазақстанның үш теннисшісі екінші айналымға шықты

    Қазақстанның үш теннисші Астанада өтіп жатқан Президент кубогы үшін челленджер турнирінің екінші айналымына шықты. Дмитрий Попко Президент кубогындағы алғашқы кездесуін өткізді. Ол түркиялық Корай Кирчиді 6:4, 4:6, 6:1 есебімен жеңді. Енді ол ширек финалға шығу үшін өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен ойнайды. Президент кубогының былтырғы финалисі Денис Евсеев жаңазеландиялық Аджит Раиды 6:4, 6:1 есебімен ұтты. Оның келесі қарсыласы — Израиль өкілі Орель ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Астана» хорватиялық «Динамодан» ірі есеппен ұтылды

    Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің екінші сатысында «Астана» клубы Загреб қаласында Хорватияның «Динамо» командасымен кездесіп, алаң иелерінен 0:4 есебімен жеңіліп қалды.   Матчта «Динамо» клубы үш голды бірінші таймда салды. Төртіншісін екінші таймның 56-минутында қонақтардың қақпасына тоғытты. Хорватияның клубы – өз елінідегі тәжірибелі командалардың бірі. Бұл команда өткен ғасырдың 1911 жылы құрылған. Ал Югославия ыдырап, бірнеше мемлекетке бөлініп кеткеннен ...

    Read More »

    Сауд Арабиясы футбол трансферіне 19,7 млрд еуро бөлді

    Сауд Арабиясының Спорт министрлігі алдағы 7 жылға футбол трансферлеріне шамамен 19,7 млрд еуро қаражат бөлді. Бұл туралы журналист және инсайдер Бен Джейкобс әлеуметтік желіде мәлімдеді. Сауд Арабиясы футбол трансферіне 19,7 млрд еуро бөлді. Енді осы елдің командалары 2030 жылға дейін орташа есеппен алғанда әр қайсысы 2,5 млрд еуродан алады, — деді ол, Сауд Арабиясы чемпионатының жаңа маусымы 11 тамызда басталады. ...

    Read More »

    Бейжің Олимпиадасының жүлдегері әкімдік уәде еткен пәтерді ала алмай жүр (ВИДЕО)

    Белгілі боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасының редакциясына бейнеүндеу жолдап, 15 жылдан бері Шымкенттен қала әкімдігі уәде еткен пәтерді ала алмай жүргенін айтты. Ол сонымен бірге өзіне тиесілі баспана берілмесе, құзырлы органдарға шағымданатынын да ескертті. Ал, қала әкімдігі болса спортшыға пәтер сыйлауға уәде бермегенін айтып отыр. Боксшының айтуынша, Бейжің Олимпиадасынан оралған кезде оған қола медаль үшін ...

    Read More »

    Геннадий Головкин Қазақстанға келді

    Орта салмақта экс-әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстанға келді. Бұл туралы боксшысы Сұлтан Зәуірбек әлеуметтік желіде жазды. Ол Instagram-да GGG-мен түскен суретін жариялады. Елге Гена ағамызбен қайттық. «Жекпе-жегіңді көрдім» дегенінің өзі қуаныш болды, — деді ол. Головкин әзірше алдағы уақытта немен айналысатыны туралы ештеңе жоқ. Биыл ол 41-ге келді. Ол өткен жылдың қыркүйегінен бастап шаршы алаңға шықпады. Сол кезде мексикалық Сауль ...

    Read More »

    Француз тілінде Рахмоновқа арналған рэп шықты (ВИДЕО)

    Франциялық рэпер Freeze Corleone белгілі файтер, жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа арнап рэп стиліндегі ән шығарды. Бұл туралы Ресейдің Sports.ru сайты хабарлады. Ән Mangemort Squad деген YouTube желісін пайдаланушының аккаунтында жарияланды. Әннің аты —  Shavkat деп аталады. Оны 10 сағатта 417 мың адам қарап үлгеріпті. Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Кевин Гастелумға қарсы ...

    Read More »

    УЕФА-ның үш лигасының жеребесі тартылды

    Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа футбол қаыумдастықтарының одағының (UEFA)  үш лигасының үшінші електік сатысындағы матчтарының жеребесі тартылды. Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнап жатқан «Астана» клубы «Динамо» (Загреб) клубынан өтетін болса, онда үшіншісінде АЕК (Афина, Грекия) командасымен кездеседі. Бірінші ойын — түзде, екінші матч — өз алаңында (8/9 және 15/16 тамыз күндері) болады. Ал «Динамо» (Загреб) мен «Астана» клубтарының ойыны Астана ...

    Read More »

    Матчқа жақсы дайындалдық – Абат Айымбетов (ВИДЕО)

    Бүгін түнде Астана уақытымен сағат 00.00-де «Астана» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Хорватияның «Динамо» командасымен кездеседі. Бұл матч Загребтегі «Масимир» стадионында болады. Кеше Загребте «Астана» клубы жаттығу жасады. Оның алдында команданың шабуылшысы Абат Айымбетов клубпен бірге Хорватияға барған БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. -«Динамо» клубымен матч қиын бола ма? -Әрине, қиын матч болады. Біз ойынға ...

    Read More »

    Қазақстан Дүниежүзілік студенттер ойындарына қатысады

    Қазақстан құрамасының сапында 90 студент Қытайда өтетін XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындарына қатысады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 27 шілде — 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындары өтеді. Халықаралық спорттық іс-шара — Қытайда өтетін үшінші студенттік ойындар, Азияда өтетін он бесінші Дүниежүзілік студенттік ойындар. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне қарағанда, студенттеріміз ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшісі бесінші финалда ғана турнир жеңімпазы атанды

    Қазақтан теннисшісі Александр Недовесов алғаш рет ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол бұған дейін осы доданың финалына төрт рет шығып, соның бәрінде жеңілген болатын. Енді міне, Недовесов Швецияның Бастад қаласында жалауы желбіреген жарыстың финалына қатысып, эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матосты ұтты. Недовесов пен Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ...

    Read More »