• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қош бол, Хамзе бауырым!

    Өмір деген қамшының сабындай қысқа дегенге адамның көзі жетпей әй сене қоймас. «Тас түскен жеріне ауыр», — деген ғой бабаларымыз, біз ет жақын, көз көрген құрметпен араласатын достарымыздан айрылып қалғанда барып аһ ұрып қаламыз.

    Бүгін жер қойнына жанымызға жарық беріп, араласып жүрген ардақты дос, қайырымды әрі сабырлы жан, тұғырлы тұлға, футбол шебері, аялуы азамат Хамзе Бақытұлы бауырымызды жер қойнына тапсырдық.

    Хамзе 50 жастан асқан ардагерлер арасында қала біріншілігінде доп додасында өнер көрестуші еді. Көрсеткенде қандай, командасының көшбасшы шеберлігі жоғары ойыншысы еді.

    Мен Хамземен талай рет үлкен жарыстар мен кішігірім таласқа толы шағын турнирлерде бірігіп, бір командада доп тепкен серіктесі едім. Хамзенің адамгершілігі, кісілігі, кішілігі туралы айтып айыл жия алмаспыз.

    Кеше сол алғашқы таймда алаңда жүрегі қысылып шетке шығып отырған жерде бақилық дүниеге кете барған екен. Қапыда келген қаза деген осы. Бәрімізге Алланың өлшеп берген өмірі бар ғой.Футбол десе ішкен асын жерге қоятын асыл досымыздың өмірі де сол футбол алаңында үзілген екен.

    Бауырымыздың соңғы сағаты соғып, келместің кемесіне мініп кете барды. Алматының «Маяк» атты шағын ауданындағы зиратқа денесі қойылды. Марқұмның қайғысына ортақ болып келген халықта есеп болмады. Алла бауырымызды рахымына алып, жанын жаннаттан қылсын деп дұға тілейміз. Алла сәтін салса жан досымыздың әруағына арнап болашақта футболдан қалалық жарыс өткізіп, артынан құран оқып дұға бағыштасақ әруағы разы болар еді. Иә, ол алдағы күннің үлесінде шығар.

    PS.

    Бір-бірімізді көзіміз тірі кезде сыйлар, құрметтеп, араласып, хабарласып тұрсақ одан артқан бұл фәниде не бар деп ойлаймын.

    Ертең айырылып қалған кезде қап мен кеше хабарласпағаным-ай, деп өкініш өзегімізді өртеп қайғыға қамалып қалмасақ болғаны. Амандықты біліп тұрайық ағайын-туыс, дос, батырлар!.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *