• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    REUTERS - Stephanie Lecocq

    Карлос Алькарас алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирін жеңіп алды

    Испаниялық теннисші Карлос Алькарас алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады RRaketkasi.

    Ол финалда әлемнің 4-ракеткасы, германиялық Александр Зверевті 6:3, 2:6, 5:7, 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

    Осыған дейін Алькарас 2022 жылы US Open, өткен жылы Уимблдон турнирінде үздік шықса, енді оған Australian Open жарысының жеңімпазы атағы ғана жетпей тұр. Сонымен қатар испаниялық спортшы түрлі төсеніштегі үш бірдей «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алған ең жас теннисші болды.

    Карлос Алькараз 12 жасында «Ролан Гаррос» пен Уимблдон турнирлерінде жеңіске жетуді армандаған көрінеді.  Енді орың арманы 10 жылға жетпей, орындалды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *