• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан бокс федерациясы

    Боксшылар кезекті халықаралық турнирге дайындалып жатыр

    Қазақстан жастар құрамасы Түркістан облысында орналасқан «Алматау» спорт базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлады Бокс федерациясы.

    Бұл оқу-жаттығу жиыны 9 маусымда басталды. Ол 23 маусымға дейін болады. Жиынға келген боксшылар 24-28 маусым аралығында Шымкентте өтетін Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирге қатысады.

    Турнирде жеті мемлекеттің өкілдері күш сынасады. Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасымен бірге Грузияның боксшылары да қатысып жатыр.

    Сонымен қатар, жаттықтырушылар кеңесі Астанада өткен Азия чемпионатының қорытындысы бойынша кейбір салмақ дәрежелерінде өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Сондықтан Шымкенттегі жарыста өнер көрсететін боксшыларды жіті бақылайды.

    14 күндік оқу-жаттығу жиыны кезінде боксшылар жаттығу және бокс залында шынығады. Айналмалы жаттығу өткізіп, тауға да шығады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *