Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркияның Анталья қаласындағы бір апталық жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлады olympic.kz.
Кеңейтілген құраманың жиыны бір аптаға созылып, боксшылар жағажайда жаттықты. Сондай-ақ, Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды.
Субтропикалық климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты.
Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі.
Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Соның алғашқысы жақын арада басталады.