• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Бүгін футболдан Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары ойнайды

    Бүгін Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында футболдан Қазақстан мен Әзербайжан елдерінің ұлттық құрамаларының жолдастық матчы болады.

    Ойын сағат 21:00-ден бастап Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    Осы кезге дейін ұлттық құрама командалар бір-бірімен сегіз рет ойнаған. Оның екеуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, төртеуінде Қазақстан құрамасы басым түсті. Екі ойын тең нәтижемен аяқталған.

    ФИФА рейтингінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.

    Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас жаттықтырушының міндетін Руслан Балтиев атқарады. Ұлттық құрамаға жаңа тағайындалған бас жаттықтырушы Станислав Черчесов осы ойыннан кейін команданың тізгінін өз қолына алады.

    Өткен аптада Қазақстан құрамасы Ереванда Армения құрамасынан 1:2 есебімен жеңілген болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *