• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    FC Qairat

    ҚФФ «Қайрат» футзал клубына айыппұл салды (ВИДЕО)

    Астанада Қазақстан футбол федерациясының Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтіп, қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан «Қайрат» футзал клубы ойыншыларының мәселесі қаралды.

    Отырыстың қорытындысы бойынша «Қайрат» АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. ҚФФ айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет деген шешімге келді.

    Сонымен бірге «Қайрат» АФК бас директоры Әсем Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция салынсын деген шешім шығарылды.

    «Қайрат» АФК араңдатушыларды тауып, түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелсін. Нәтижесін 2024 жылдың 24 маусымына дейін хабарласын, — деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Еске сала кетсек, «Қайрат» футзал клубының қақпашысы, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Лео Игита автобусқа кіріп бара жатқанда бір топ жанкүйердің жерге жайылған «Ақтөбе» мен» Астана» клубтарының аты жазылған жалау мен мойыншалманы таптап кеткен болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Kairat Futsal (@afckairat)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *