• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Атырауда дәстүрлі садақ атудан «Алтын Орда» халықаралық турнирі аяқталды

    Атырау қаласында 27-28 сәуір күндері Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет өткен дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» халықаралық турнирі қорытындыланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Турнирде садақшылар 30 метрден 70 метрге дейінгі қашықтыққа арналған Пута, Орта Азия, Жамбы нысана түрлері бойынша мергендік шеберліктерін сынасты. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті-Бас хатшысы Тастанбек Есентаев аталған шараға арнайы қатысып, ...

    Read More »

    Белгілі спортшы жекпе-жек алдында қарсыласының кеудесіне мылтық кезеді (ВИДЕО)

    Актер және аралас жекпе-жек жауынгері Еркебұлан Тоқтар айқас алдындағы кездесу сәтінен видео жариялады, деп хабарлады Halyq Uni.kz Ирандық файтер Паям Назаримен (3-1) көзарбасуға ол қолына мылтық ұстап шығып, қарсыласымен жанжалдасып қалды. Видеоға «Бүгін атпадым, ертең атамын», деген жазба қалдырған. Айта кетейік, қазақстандық пен ирандық спортшының арасындағы айқас Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайныда Octagon 44 турнирі аясында 29 сәуірде жеңіл ...

    Read More »

    «Отыз жыл ұйықтағанымыз жетер»: Ақжүрек Таңатаров Тоқаевтан араша сұрап отыр (ВИДЕО)

    Еркін күрестен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының және әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Ақжүрек Таңатаров президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмектесуін өтініп, видеоүндеу жолдады. Ол үндеуде өзін Жамбыл облысы денешынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» МКК басшысы лауазымынан заңсыз жолмен алып тастағанын айтты. Соның себебін ...

    Read More »

    «Барыс» хоккейшілері 279 млн теңгеге дейін жалақы алады

    Ресейдің «Спорт-Экспресс» порталы алғаш рет Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын барлық хоккейшінің жалақысын жариялады. Мысалы, соңғы маусымда «Барыс» хоккей клубында ең көп жалақыны Линден Вей мен Никита Михайлис алған. Екеуі де 50 миллион рубль (қазіргі курспен 278,73 миллион теңге) тауыпты. Одан кейін Алекс Грант – 45 млн рубль (250,85 млн теңге), Майкл Шапю – 26 млн рубль (144,94 млн. теңге), Крис ...

    Read More »

    Алдағы 6 жылға жоспарланған спорт тұжырымдамасы бекітілді – Асхат Оралов

    Қазақстанда алдағы 6 жылға жоспарланған спорт тұжырымдамасы бекітілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Ол 2023-2029 жылдарға арналған Дене шынықтыру мен спортты дамытудың тұжырымдамасы бекітілгенін атап өтті. Онда елімізде осы салаларды дамытудың жаңа бағытын айқындадық, бұқаралық спортқа, оның ішінде балалар мен жастар арасында, азаматтардың барлық санаты үшін дене шынықтыру және спортпен шұғылданудың жалпыға қолжетімділігіне, ...

    Read More »

    Украинаның атақты боксшысы қайтадан соғысып жүр (ВИДЕО)

    Олимпиада чемпионы, WBA, WBO, IBO және IBF тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы Украина боксшысы Александр Усик қолына қайта қару алып, майданның алғы шебінде жүр. Оның Ресей әскеріне қарата оқ жаудырған кезде түскен видеосы жарияланды. Александр Усик былтыр Ресей қарулы күштері Украинаға басып кіргенде де қолына қару алып, Киев қаласын қорғауға қатысты. Сол кезде онымен бірге тағы бір украин былғары қолғап ...

    Read More »

    Сабина Алтынбекова не үшін атын өзгерткенін түсіндірді

    Волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде есімін өзгерткеніне қатысты пікір білдірді. Спортшының оқырмандары оның Facebook-те аты Нұрипа Алтынбекова деп өзгергенін көріп, осы жайында сұраған. Есіміме қатысты айтсам, қателесіп, анамның Facebook-парақшасын тіркеп қойыппын. Жақында өзгертемін, – деді спортшы. Сондай-ақ Сабина әлемнің ең бай 20 волейболшы тізіміне кіргені туралы сұраққа жауап берді. Ұйқыдан оянып, өзімнің «ең бай 20 волейболшының рейтингінде» екенімді көрдім. Біреулердің ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Ресей құрамасы анықталды (ВИДЕО)

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Ресей ұлттық құрама командасы да анықталды. Тізімде Кавказ өңірінің былғары қолғап шеберлері көп. Сонымен бірге Саха Республикасының атынан қатысатын боксшы да бар. Ресей ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Виктор Фархутдинов әлем чемпионатына баратын боксшылардың тізімін жариялады. 48 кг: Эдмонд Худоян (Челябі облысы) 51 кг: Василий Егоров (Мәскеу облысы – ...

    Read More »

    Қазақ-қырғыз «Көкпар» федерацияларының басшылары кездесті

    Бүгін Астанада Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов пен «Көкпар» федерациясының президенті Бауыржан Исабаев Қырғыз Республикасы «Көк бөрү» федерациясының президенті Талас Бегалиевпен кездесті. Бұл туралы Halyq Uni хабарлады. Жиында қатысушылар қордаланған бірнеше мәселелерді көтеріп, оларды оңтайлы шешу жөнінде, сонымен қатар, көкпар спортының дамуы мен ондағы ережелерді бірлесе бекіту жайын талқылады. Одан бөлек, тараптар келесі жылы Қазақстанда өтетін V-Көшпенділер ойындарын өте жоғары ...

    Read More »

    АҚШ бокс федерациясы IBA құрамынан шықты

    АҚШ бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) құрамынан шығатыны туралы ескертухат жолдады. Бұл шешімді Бокс федерациясының кеңесі бірауыздан қабылдаған. Хабарламада америкалықтардың Халықаралық бокс қауымдастығының олимпиадалық қозғалысты сыйламай, Париж Олимпиадасының іріктеу жүйесіне араласып жатқанын,  ХОК талаптарына бағынбай отырғанын ескеріп, ұйымнан шығатыны туралы шешім қабылдағаны айтылған. Осы жағдайдан кейін АҚШ бокс федерациясы «Әлемдік бокс» атты жаңа қауымдастықтың құрылғанын хабарлады. Бұл ұйымға Ұлыбритания да ...

    Read More »