• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке барды

    Бокстан Олимпиада чемпионы, Спорт және дене шынықтыру комитетінің экс-төрағасы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Серік Сәпиев Қазақстан спортшылары одағы РҚБ президиумының төрағасы болды. Кәсіподақ жұмысы жаңа деңгейге көтерілуде. Сондықтан шешім қабылдау функционалдық топтың қатысуын және спорт және басқа салалардағы көптеген мамандар мен сарапшылардың тәжірибесін талап етеді. Спорт ұзақ уақыт бойы күш пен реакцияның ерекшелігі болудан қалды, ...

    Read More »

    УЕФА президенті қайта сайланды

    Португалияның Лиссабон қаласында өткен УЕФА-ның 47-конгресінде Александер Чеферин Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті қызметіне қайта сайланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының хабарлауынша, Александер Чеферин аталған одаққа тағы төрт жыл басшылық жасайды. Ол сайлау барысында жалғыз үміткер болды. Футбол маманы одаққа 2016 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Александер Чеферин 1967 жылы Югославияда (қазіргі Словения) туған. 2005 жылдан бері футбол ...

    Read More »

    2036 жылғы Олимпиаданы өткізуге үміткер елдер көбейіп келеді

    2036 жылғы жазғы Олимпиялық және Паралимпиялық ойындарды Ыстамбұл қаласында өткізу үшін Түркия үміткер елдер қатарына қосылды. Бұған дейін Оңтүстік Корея, Қатар, Германия, Мексика, Венгрия, Египет, Үндістан мен Индонезия үміткерлер қатарына кірген болатын. Бұл туралы Түркия президент Режеп Тайып Ердоған мен Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахпен кездесуінде белгілі болды. Ыстамбұл бұған дейін ең кейінгі Олимпиаданы өткізу үшін де үміткер болған. ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатына 12 мемлекет бойкот жариялады

    Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдердің тізімі тағы бір мемлекетпен көбейді. Қазір тізімде 12 ел бар. Бұған дейін әлем чемпионатына АҚШ, Польша, Швейцария, Нидерланд, Ирландия, Чехия, Швеция, Канада, Украина, Германия мен Норвегия қатысудан бас тартса, енді олардың қатарына Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігі қосылды. Ұлыбританияның бокс федерациясы Нью-Делиде бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатына ...

    Read More »

    Арабтар Мессиге жылына 400 млн еуро жалақы ұсынды

    Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубы Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» командасының шабуылшысы Лионель Мессиге жылына 400 млн еуро жалақы ұсынды. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо Twitter-де хабарлады. Месси ұсынысқа әлі жауап берген жоқ. БАҚ-тардың хабарлауынша, ол әлі де Еуропада ойнағысы келеді. Оған қоса, аргентиналық шабуылшы «ПСЖ-мен» келісімшартын ұзартуға да келіспей отыр. Кейбір дерекке қарағанда, Месси «Барселонаға» ауысуы мүмкін.   Дастан ...

    Read More »

    Дзюдошы Абиба Әбужақынова IJF рейтингінің үздік бестігіне кірді

    Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Абиба Әбужақынова әлемнің үздік бес дзюдошысының қатарына кірді. Olympic.kz-тің хабаралуынша, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam сериясының турнирінен кейін дзюдошылардың рейтингін жаңартты. Мәселен, турнир кезінде қола медаль иеленгені үшін Қазақстан спортшысы Нұрқанат Серікбаевқа 500 ұпай берілді. Бұл оның әлемдік рейтингте 15 орынға дейін көтерілуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жаңартылған мәліметтерге сәйкес, спортшы Абиба Әбужақынова ...

    Read More »

    Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева бірге әлем чемпионатына қатысады

    7 сәуір мен 1 мамыр аралығында астанада 2023 жылғы шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Жарыста Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева бастаған қазақстандық шахматшылар ел намысын қорғайды. Ал әлем чемпионы атағына Ян Непомнящий мен Дин Лижен таласады. Бұған дейін блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева шахматшы Жансая Әбдімәлікті сынаған еді. Ол Жансая ...

    Read More »

    ҚХЛ-да Қазақстан құрамасының қорғаушысы төбелесіп қалды

    Хоккейден Гагарин кубогы турнирінің жартылай финалында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, «Авангард» клубының қорғаушысы Виктор Сведберг пен «Ак Барс» командасының капитаны Александр Радулов төбелесіп қалды. Bassport.kz сайтының мәліметіне қарағанда, матчтың екінші кезеңінде Радулов ойын таяғымен Федор Малыхинді белінен ұрған. Оны Виктор Сведберг байқап, командаласын қолдағысы келіп, Радуловпен жаға ұстасып қалған. Содан кейін олар төбелескен. Осы төбелес үшін Радулов та, Сведберг те 2 минуттық ...

    Read More »

    Су добы: Қазақстан құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды

    Су добынан Қазақстан құрамасы Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. «Бече қаласында өткен жарысқа Еуропа мен Азия елдерінен 12 команда қатысты. Біздің спортшылар Испания, Германия, Сербия және басқа да мемлекеттерден келген қарсыластарынан басым түсті. Ал ұлттық құрама капитаны Егор Белоусов турнирдің үздік ойыншысы атанды. Жас спортшыларымызды осы жеңісімен құттықтаймын және оларға сәттілік тілеймін. Сондай-ақ, қажырлы еңбектің арқасында осындай жетістікке жеткен ...

    Read More »

    Алмат Кебіспаев үш дүркін Азия чемпионы бола ала ма?

    Жақын арада Астанада күрес түрінен Азия чемпионаты өтеді. Оған еліміздің атынан 35 жастағы Алмат Кебіспаев (67 кг) қатысады. Ол бұған дейін Азия чемпионатында 2 алтын, 3 күміс медаль алған. Кебіспаев жарыстың екінші күні боз кілемге шығатын болады. Бірінші жарыс күні (9 сәуір), грек-рим күресі бойынша 55, 63, 77, 87, 130 кг салмақтағылар белдеседі. Екінші жарыс күні (10 сәуір), грек-рим күресі ...

    Read More »