• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Шахматтан әлем құрамасы Қазақстанды ұтты

    Астанада шахматтан алғаш рет өткен Қазақстан әйелдер құрамасы мен әлем командасының арасындағы матч аяқталды. Бұл кездесуде әлем құрамасы командалық есеп бойынша жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы рапидте жақсы ойнаса да қарсыластарынан бес ұпайға жеңіліп қалды. Есеп — 29.5-34.5. Сол сияқты блицте де 13 ұпай айырмашылығымен 25.5:38.5 есебімен ұтылды. Қорытынды есеп  55:73 болып әлем құрамасының пайдасына шешілді. Қазақстан командасына әлемнің төрт дүркін ...

    Read More »

    Ресей Орталық Азия чемпионатына қатысудан бас тартты

    Ресей ұлттық құрама командасы Орталық Азия Футбол қауымдастығының чемпионатына қатысудан бас тартты. Бұл туралы championat.com хабарлады. Ресей ұлттық құрамасының жаттықтырушылар кеңесі кеңесе отырып, Орталық Азия чемпионатына қатысудан бас тартты. Себебі, Ресей чемпионатындағы матчтар мен ел кубогының суперфиналы Орталық Азия қауымдастығы ұйымдастыратын турнирмен тұспа-тұс келіп отыр. Сол себепті, Ресей жарысқа қатыса алмайды, — делінген РФ Футбол одағынының хабарламасында. Орталық Азия Футбол ...

    Read More »

    Тағы бір Қазақстан шахматшысы әлемнің төрт дүркін чемпионын ұтты

    Астанада шахматтан алғаш рет өтіп жатқан Қазақстанның әйелдер құрамасы мен әлем командасының арасындағы матчта Меруерт Камалиденова әлемнің төрт дүркін чемпионы қытайлық Хо Ифанды ұтты. Меруерт Камалиденованың өзі шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, классикалық шахматтан былтырғы жылғы Қазақстан чемпионы. Жасы – 17-де. Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, ол әлемнің мықты шахматшыларының бірі саналатын Қытай өкілін аса қиналмай, сенімді түрде жеңді. Бұған дейін ...

    Read More »

    Қайрат Сағадиев: «Азия чемпионатында медаль бойынша жоспарды орындадық»

    Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сағадиев жақында аяқталған Азия чемпионатын қорытындылап, бізге сұхбат берді. Ол алдағы әлем чемпионаты мен Азия ойындарына дайындығы және жарысқа кімдер баратынын да айтты. – Астанада өткен Азия чемпионаты да аяқталды. Шәкірттеріңіз екі алтын мен үш қола медаль алды. Басқа да салмақтағы қыздардан жүлде күттіңіз бе? – Әйелдер ұлттық құрамасының Астана қаласында өткен Азия чемпионатында ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 500 турнирін жеңіспен бастады

    Қазақстанның жекелеген сындағы бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирін жеңіспен бастады. Ол турнирдегі алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 65-орында тұрған германиялық Юле Нимайермен өткізді. Қарсыластардың бұған дейін өзара жолдары тоқайласпаған еді. Елена Рыбакина бір жарым сағатқа созылған матчта 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан теннисшісі 9 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. ...

    Read More »

    Жас теннисшілер әлем чемпионатына жолдаманы сарапқа салады

    Шымкент қаласында 1-13 мамырда 16 жасқа дейінгілер арасында теннистен әлем чемпионатының іріктеу жарысы өтеді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. Әлем чемпионатына жолдама үшін қыздар арасында Қазақстан, Австралия, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам құрамалары кортқа шығады. Бозбалалар арасында Қазақстан, Австралия, Малайзия, Пәкстан, Сингапур, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Жапония, ...

    Read More »

    Бокстан ұлттық құрама соңғы дайындықты бастады (ВИДЕО)

    Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңі басталды. Бұған дейін хабарланғандай, ұлттық құрама Өзбекстанның астанасы -Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындықтың алғашқы оқу-жаттығу жиыны аяқталған болатын. Енді боксшылар 29 сәуірге дейін «Алма-Тау» базасында әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңін өткізеді. Одан кейін 30 сәуірде Ташкентке жол жүреді. Осы күні әлемдік доданың жеребе тарту рәсімі басталады. ...

    Read More »

    Ресейлік хоккейші Қазақстан азаматтығын алуға мәжбүр болды

    Хоккейші Дмитрий Гурков Ресей азаматтығынан бас тартты. Қазақстан құрамасында ойнап жүрген 26 жастағы спортшы мұндай қадамға әлем чемпионатына қатысу үшін барған. Sportbox-тің хабарлауынша, Дмитрий Гурков бұған дейін қос азаматтықпен (Ресей, Қазақстан) жүрген. Бірақ әлем чемпионатынан Ресей мен Беларусия құрамаларының шеттелуі оның «киын шешім қабылдауына» алып келген. Ақырында ол Қазақстан азаматы паспортымен ғана қалып отыр. «Шабуылшы Азия елінің заңнамасына байланысты тек ...

    Read More »

    Алматыда спорттық гимнастикадан Спартакиада басталды

    Алматы қаласында спорттық гимнастикадан Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасы басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Төрт жылда бір келетін бұл жарысқа 7 өңірден 40-тан аса ер адам, 8 өңірден 50-ге тарта таңдаулы әйел гимнаст қатысады. Командалар шеруінде Республикалық Спортты дамыту дирекциясының және облыстық спорт басқармасының өкілідері сөз сөйлеп, атлеттерге сәттілік тіледі. Бүгін ерлер мен әйелдер іріктеу ...

    Read More »

    «Жанқош Тұраровқа қатысты дау шықты»: боксшы сот алдында жауап берді

     IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Жанқош Тұраров тағы да сот алдында жауап берді, деп хабарлады «Сүйектен ұр» телеграм-арнасы. 2018 жылы ол Sky Bar-дағы атыстан кейін болған төбелеске байланысты сотқа қатысты. Бұл жолы бәрі жақсы аяқталды. 2021 жылы Жанқош Тұраровтың сот орындауышыны қорқытқаны туралы ақпарат тарады. Өткен жылы  жол апатына түсті, көлігімен басқа көлікті соғып кетті. Сотқа боксшы ...

    Read More »