• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақстан құрамасы Даму кубогында күміс жүлдегер атанды (ВИДЕО)

    Беларусьтің астанасы Минск қаласында Даму кубогы үшін халықаралық турнир аяқталды. Финалда Қазақстан мен Ресей жасөспірімдер құрамалары кездесті. Матчта отандастарымыз қарсыластарынан 1:3 есебімен ұтылып, осымен екінші рет күміс жүлдеге ие болды (2021 жылы финалда Тәжікстан жасөспірімдер құрамасынан жеңілген болатын, — ред.) Қазақстан құрамасында жалғыз голды жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл салды. Сөйтіп, ол турнирдегі үшінші голын соқты. Ал жасөспірімдер команданың қақпашысы Әбілқайыр Әлиақбар ...

    Read More »

    Боксшы Теміртас Жүсіпов алтын медальді жеңіп алды

    Боксшы Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалында қырғызстандық Асылбек Аманқұл уулудан айласын асырып, жеңімпаз атанды. Осылайша, Теміртас Жүсіпов Қазақстанның ерлер құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Бұған дейін ол  өзбек боксшысы Дониер Бекмуродов пен әзербайжан Турал Сариевті жеңген болатын. Теміртас Жүсіпов – Қазақстанның алты дүркін чемпионы, әлем чемпионы (2021) және Азия чемпионы ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Элина Михина Азия чемпионы атанды

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан  жабық кешендегі Х Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз топ жарды. Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде Элина Михина алдына жан салмай, құрлық чемпионы атанды. 28 жастағы атлет бұл қашықтықты 54.07 секундта жүгіріп өтті. Қазір Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.   Шамкен БАЙЫРБЕК, ФОТО: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Михаил Литвин Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші жүлде түсті. Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде Михаил Литвин күміс жүлдегер атанды. Ол мәреге санаулы метрлер қалғанда катарлық Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып қойды. Қола медаль қытайлық атлетке бұйырды. Бұл қашықтықта тағы бір отандасымыз Вячеслав Земс мәреге жетер тұста құлап қалды. Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, ...

    Read More »

    Х Азия чемпионаты: Ақбаян Нұрмамет соңғы сәтте қола жүлдені жеңіп алды

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында 18 жастағы отандасымыз Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жарыста қола жүлде жеңіп алды. Бұл қашықтықты ол 1.06.04 секундта жүгіріп өтті. Үздік нәтижені 26 жастағы вьетнамдық Нгуен Тхи Оан көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды. Күміс жүлдені жапониялық Юме Гото иеленді. Тағы бір қазақстандық Мадина Керімова мәреге бесінші болып жетті (4:24.09 секунд). Қазір ...

    Read More »

    Қазақстанның боксшы қыздары бірінші орынға ие болды

    Марокко елінде өткен «Golden Belt Series Marrakesh» («Алтын белбеу») халықаралық турнирінде еліміздің әйелдер құрамасы медальдар кестесінде бірінші орын алды. Халықаралық турнир 2-10 ақпан аралығында Маррокконың Марракеш қаласында өтті. Онда барлығы 34 елден келген былғары қолғап шеберлері бақ сынады. Қазақстан атынан жарысқа барлығы 12 боксшы қатысты. Турнирде отандастарымыз 10 медальді жеңіп алды.  Оның ішінде бесеуі алтын жүлдені, екеуі күміс медальді, үшеуі  ...

    Read More »

    Қазақстанның алты боксшысы финалға шықты

    Қазақстанның алты боксшысы Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкаиды еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің финалына шықты. Жартылай финалда Теміртас Жүсіпов (48 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Саматәлі Төлтаев (60 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Аятолла Тәкіжанов (75 кг) пен Айбек Оралбай (92 кг) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Енді финалда Теміртас Жүсіпов  Асылбек Аманқұлұлымен (Қырғызстан), Серік Теміржанов Василе Устуроймен ...

    Read More »

    Тағы бір Қазақстан боксшысы қарсыласын нокаутқа жіберді

    Жеңіл салмақтағы боксшы Николай Шваб WBA Fedecaribe титулы үшін кәсіпқой рингте кезекті жекпе-жегін өткізіп, венесуэлалық Эльбер Рохасты нокаутқа жіберді. Ол Доминикан Республикасында өткен бокс кешінде үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Үшінші раундта Шваб кездесуді соңына дейін жеткізбей, қарсыласына жойқын соққыларын беріп, есеңгіретіп тастады. Сол кезде техникалық нокаут тіркеліп, төрешілердің шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді. ...

    Read More »

    Жеңіл атлет Ольга Сафронова Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешенде өтіп жатқан Х Азия чемпионатында Ольга Сафронова 60 метрге жүгіруде күміс жүлдегері атанды. Бұл қашықтықты ол 7.32 секундта жүгіріп өтті. Ирандық спортшы Фарзане Фасихи 7.28 секунд нәтижесімен екінші орын алса, индонезиялық Валентин Ванеза мәреге үшінші (7.37 секунд) болып келді. Бұл – Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль.Оған дейін  Каролин Чепкоеч Кипкируи 3 мың метрге жүгіруде чемпион ...

    Read More »

    Қазақстан азаматтығын алған Каролин Чепкоеч Кипкируи Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күні еліміздің спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, құрмет тұғырынан көрінді. Кешкі сессияның алғашқы финалында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті. Еліміздң азаматтығын алған Каролин Чепкоеч Кипкируи 3 мың метрге жүгіруде мәреге бірінші келіп, чемпион атанды. Ол мәреге 9 минут 01.98 секундта жетті.  Оның соңынан қытайлық Уга Хэ келіп, күміс жүлде ...

    Read More »