Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» клубындағы жалақысын айтты.
Түркиялық клуб басқа да легионерлерінің айлығын жариялады. Footbal Critix мәліметіне қарағанда, Зайнутдинов жылына 1,2 млн еуро табыс табады.
Бахтиер Зайнутдинов пен «Бешикташ» арасындағы келісімшарт 2027 жылға дейін жасалған. Бұл клубта ең көп жалақыны Камерунның шабуылшы Винсен Абубакар алады. Ол жылына 3 млн еуродан астам табыс табады.
Зайнутдинов былтыр тамыз айында Ыстанбұлдыуң командасына Мәскеудің Әскерилердің орталық спорт клубынан (ЦСКА) клубынан ауысты. Трансфердің құны 4,5 млн еуро болды. Әзірше одан басқа ешкім шетел клубымен осыншама сомаға келісімшарт жасасқан жоқ.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
Beşiktaş’ın yabancı futbolcularının maaşı ve sözleşme bitiş tarihleri 👀
Ne düşünüyorsunuz? pic.twitter.com/E9ED6q9Xqd
— Football Critix (@footballcritix) January 1, 2024