• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Боксшылар «Странджа» турниріне қатысады (ВИДЕО)

    2-12 ақпан аралығында Болгарияның астанасы-  Софияда бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады.

    Биыл бұл турнир осымен 75 рет жалауын көтереді. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов турнирге қатысатын былғары қолғап шеберлерінің тізімін атады. Олардың арасында жақында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына алынған 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп жүрген әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар.

    Мырзағали Құланұлының айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болуы мүмкін. Ал әзірше «Странджа» турниріне қатысатын ел құрамасының қатарына  Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Руслан Күзеубаев (60 кг), Ерасыл Танкай (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Талғат Шәйкен (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Тұрсынбай Құлахмет (80 кг), Абзал Құттыбеков (86 кг), Сағындык Тоғамбай (92 кг) шақырылып отыр.

    Былтыр ерлер және әйелдердің ұлттық құрамасы, жастар мен жасөспірімдер командасы 13 халықаралық және елішілік чемпионаттар мен турнирлерге қатысып, күш сынасты.

    Боксшылар Иштван Бочкай турниріне,  Странджа кубогына, әйелдер арасындағы әлем чемпионатына, ересектер арасындағы әлем чемпионатына, Қырғызстандағы екі халықаралық турнирге, Елорда кубогына, 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатына, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына, жазғы Азия ойындарына, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мен Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнирге қатысты.

    Осылайша, Қазақстан бокшылалары 51 алтын, 36 күміс және 82 қола медаль жеңіп алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *