Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрестен Азия чемпионаты басталды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Азия чемпионатында алғашқы күні грек-рим күресінен бес салмақ дәрежесінде чемпиондар мен жүлдегерлер белгілі болды. Қазақстан құрамасында бес бозкілем шебері жүлде үшін күресіп, төртеуі тұғыр биігіне көтерілді. Аманғали Бекболатов (55 кг) қытайлық Хайфенг Жангты таза ұтып, биылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. ...
Read More »Author Archives: admin
ФИФА Индонезия футбол қауымдастығына шара қолданды
Халықаралық футбол федерациясы 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы дауға байланысты Индонезия футбол қауымдастығына (PSSI) бөлінген қаржыны уақытша тоқтатты. Jakarta Post мәліметіне қарағанда, ФИФА федерация FIFA Forward қорын PSSI-ны қаржыландыруды уақытша тоқтатып, Индонезия ел футболындағы жағдайды жақсарту жоспарын ұсынғаннан кейін санкцияны алып тастауды қайта қарайтынын мәлімдеді. Бұған дейін ФИФА Индонезияны мамыр-маусым айларында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатын (U-20) өткізу құқығынан ...
Read More »Рыбакина әлемдік рейтингіде жетінші орнын сақтап қалды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті. Елена Рыбакина бұрынғыша тізімдегі жетінші орнын сақтап қалды. Ал WTA чемпиондық кестесінде ол екінші сатыда тұр. Әлемдік рейтингіде Юлия Путинцева 47-ден 45-ке көтерілді. Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 26-орнын сақтап қалса, Жанель Рүстемова 972-сатыға шықты. Сондай-ақ, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова мен Аружан Сағындықова да рейтингідегі көрсеткіштерін жақсартты. Дастан КЕНЖАЛИН, ...
Read More »Жеңіл атлетика федерациясы допинг дауына қатысты жауап берді
Жеңіл атлетика федерациясы жеңілатлет, әлем чемпионы Нора Джерутоны допингке қарсы ережені бұзды деген айыпқа қатысты түсінік берді. Athletics Integrity Unit (AIU), World Athletics еншілес ұйымы, спортшы Нора Джерутоны қан сынамалардың айғақтары негізінде допингке қарсы ережені бұзды деп айыптады. Допинг сынамасын зерттеу кезінде спортшының ағзасында тыйым салынған заттар табылмады, алайда гематологиялық профилінде өзгеріс тіркелді. AIU сарапшыларының пікірі бойынша, бұл өзгерістер тыйым салынған ...
Read More »Астанада күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатының кестесі шықты
Астанада 9-14 сәуір күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында өтетін Азия чемпионатының кестесі жарияланды. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, Азия чемпионатының ресми ашылуы 9 сәуірде сағат 17.00-де басталады. Күн сайын күндізгі сессия сағат 11.00-де (алдын ала, жартылай финалдық және жұбаныш белдесулері), кешкі сессия 18.00-де (бірінші және үшінші орындар үшін финалдық ойындар) басталады. ...
Read More »Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды
7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Онда әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен Дин Лижень (ҚХР) бақ сынайды. Кеше Astana Ballet театрында чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан астанасына әлемнің түкпір-түкпірінен танымал шахматшылар, халықаралық шахмат федерациясының өкілдері келді. Ян Непомнящий (2793) мен Дин Лижень (2788) ФИДЕ әлемдік рейтингінде екінші және үшінші орындарда тұр. ...
Read More »Жеңілатлет Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілікті
Қазақстан азаматтығын алған жеңілатлет Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілікті. Mozzartsport порталының хабарлауынша, жеңілатлет допинг қолданды деп айыпталып, жарыстарға қатысудан уақытша шеттетілді. Джеруто жеңіл атлетиканың допингке қарсы ережелеріне немесе адалдық кодексіне сәйкес өтетін тыңдауда соңғы шешім қабылданғанға дейін кез келген жарыстан уақытша шеттетіледі. Егер оның допинг қолданғаны расталса, ол әлем чемпионатының алтын жүлдесін қайтарып береді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »IBA бокстан әлем чемпионатына қатысты шешім қабылдады
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 30 сәуір мен 14 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын шешім қабылдады. Қауымдастық бойкот жариялаған елдердің наразылығына қарамастан әлем чемпионатының уақытында болатынын хабарлады. Бұл сынға Қазақстан құрамасы да қатысады. Жалпы, додада 104 елдің боксшылары күш сынасады. Қазір 640 боксшы тіркеліп отыр. Олар 13 салмақ бойынша қолғап түйістіреді. Алайда IBA тіркеуді 14 сәуірге дейін ...
Read More »Астанада Азия чемпионы атанған балуандар қомақты ақша алады
9 – 14 сәуір аралығында Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өтетін XXXVI Азия чемпионаты болады. Оған құрлықтың 24 елінен 300-ден астам балуан қатысады. Олардың арасында Олимпиялық ойындардың 7 жүлдегері, 5 әлем чемпионы болады. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенованың айтуынша, бұл күрес додасы Олимпиадаға лицензиялық турнир емес. Ол Азия ойындары мен ...
Read More »Жәнібек Әлімханұлы чемпиондыққа қатысты мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы чемпиондыққа қатысты мәлімдеме жасады Бокстан орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында қалған үш белбеуді жеңіп алатынын айтты. Vesti.kz-тің дерегіне қарағанда, 13 мамырда Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Стоктон-Аренада» канадалық Стивен Батлермен жекпе-жек өткізеді. Менде бір титул бар. Енді маған тағы үшеуі керек. Иншааллаһ, мен барлық титулды аламын! – деді ол. Жекпе-жек 12 раундқа созылады. Бұл айқаста ...
Read More »