• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Анна Данилина WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды.

    Данилина жарыстың екінші ракеткасы болып тіркеліп,  словакиялық Виктория Хрунчаковамен бірге финалда чехиялық Мария Боузкова мен америкалық Бетани Маттек-Сандсді жеңді.

    Бірінші партияда Данилина мен Хрунчакованың дуэті қарсыластарынан 6:3 есебімен басым түсті.

    Екінші сетте тай-брейкте Чехия мен АҚШ-тың жұбы 7:6 (7:5) есебімен есе қайтарды. Одан кейін супер тай-брейкте Данилина мен Хрунчакова 10:8 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.

    Осылайша, Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы жеңісіне жетті.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *