• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақстан балмұздақ экспортын ұлғайтпақ

    Қазақстан балмұздақ экспортын ұлғайтады. Сала көшбасшысы «Шин-Лайн» шетелдік нарықтарға негізгі жеткізуші болып қала береді. Елімізде балмұздақ нарығының сыйымдылығын қысқарту үрдісі байқалды. Статистика органының деректеріне сәйкес, егер 2021 жылы бұл көрсеткіш 48 671 тоннаны құраса, 2022 жылы – 45 553 тонна, бұл ретте теңгенің долларға шаққандағы бағамының өзгеруі есебінен нарық сыйымдылығы 39 954 млн теңгеден 44 522 млн теңгеге дейін өсті. ...

    Read More »

    Қазақстан фаворит болса да босаңсуға болмайды – Магомед Адиев

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Сан-Мариномен матчтың алдында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. – Магомед Мұсаұлы, Сан-Марино мен Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойындардың арасында үш күн ғана үзіліс болады. Уақыт тығыз екен, үзіліс қысқа. Екі команданың да деңгейі бірдей емес. Бұл елдермен біздің команда қай құрамда шығады? Команданың құрамы өзгере ме? – Біз қарсыласпен қалай ойнайтынымызды жоспарлаймыз. ...

    Read More »

    Месси мансабындағы ең жылдам голды салды (видео)

    Қытайдың Бейжің қаласында Аргентина құрамасы мен Австралия командасы жолдастық кездесу өткізді. Осы матчта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси кездесудің 1 минут 19 секундында голдың авторы атанды. Осылайша, ол мансабындағы ең жылдам голды салды. Бұл гол шабуылшының ұлттық құраманың сапындағы 103-голы болды. Матч басталысымен Месси айып алаңының жанында пас алып, бір қорғаушыны алдап, қақпаны дәл көздеді. Ал ойынның өзі 2:0 есебімен аяқталды. ...

    Read More »

    Ақтауда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады

    Маңғыстау облыстық балалар ауруханасыда үстіне металлдан жасалған футбол қақпасы құлап, содан жарақат алған 16 жастағы жасөспірім ес-түссіз жаттыр. Оның үстіне қақпа 20 мамырда құлаған екен. Сол кезде дәрігерлер Дәрігерлер оған ми жарақаты мен мидың шайқалуы диагнозын қойды, деп хабарлады Lada.kz. Lada.kz-тің хабарлауынша,24 мамырда кешке баланың анасы ауруханаға келген. Дәрігерлердің оны бес-жеті күн емдеу керек деп ескерткеніне қарамастан, ол қолхат жазып, ...

    Read More »

    Отандық дизайнерлер ұлттық құраманың Олимпиадаға киімін тігеді

    Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова келесі жылы Францияның Париж қаласында өтетін Олимпиялық ойындарға Қазақстан құрамасының формасын отандық дизайнерлер әзірлеп, тігетінін айтты. Былтыр Бейжіңде жалауы желбіреген Қысқы Олимпиаданың киім үлгісін ресейлік дизайнерлер жасаған еді. Енді биыл қазақстандық дизайнерлер киім үлгісін жасап береді. Олардың арасында үздік киім үлгісіне байқау өткізіледі. Үздік дизайнға байқау 14 ...

    Read More »

    Допинг дауы: Ауыр атлетика федерациясы мәлімдеме жасады

    Ауыр атлетика федерациясы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады. Федерация допинг қабылдаған спортшылардың аты-жөндерін атап, тиісті шараның қолданғанын хабарлады. 18 мамырда Ауыр атлетика федерациясына Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығынан 17 сәуірде алынған жарыстан тыс допинг-бақылаудың оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті. Осылайша, оң нәтиже Арли Чонтей, Екатерина Алякина, Денис Полубояринов, Алина Колиушко, Алексей Чуркин және Нұрғиса Әділетұлынан табылды, – делінген хабарламада. ...

    Read More »

    Петропавлдағы стадионнан адамның сүйектері табылды

    Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионын қайта құру кезінде адам сүйегінің қалдықтары табылды. Polisia.kz-тің хабарлауынша, 14 маусымда сағат 09.59 шамасында Петропавл полиция басқармасының 102 жедел арнасына «Қарасай» стадионын қайта құру кезінде адам сүйектерінің қалдығы табылғаны туралы хабар келіп түскен. Сүйек қалдықтары 100 жыл бұрын сол аумақта болған зиратқа тиесілі екені анықталды. Бұл дерек Петропавл полиция басқармасында тіркелді. Бұған дейін Алматы облысында репрессия ...

    Read More »

    Қытайда XIX Азия ойындарының алауы тұтанды

    Бүгін Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Лянчжу қаласында XIX Азия ойындарының алауы жағылды. ҚазАқпараттың ҚХР-дағы меншікті тілшісінің хабарлауынша, алау ресми түрде 2022 жылғы XIX Азия ойындарының ашылуына 100 күн қалғанында тұтанды. Биылғы Ойындар Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында болады. Бұл жарыс былтыр 10-25 қыркүйегі аралығында болуы керек еді. Алайда ол коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты кейінге шегерілді. Қытайда Азия ойындары осымен үшінші ...

    Read More »

    Рыбакина көгалдағы төсеніште жаттығып жатыр

    Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина көгалдағы төсеніш маусымына дайындықты бастады. Ол Словакияда көгал төсенішіндегі жаттығуын өткізді. Қазақстандық теннисшінің жаттығуынан түсірілген видео Instagram-дағы Tenisová škola Jednotka аккаунтында жарияланды. Рыбакина 19-25 маусым аралығында Берлинде (Германия) өтетін турнирге қатысады. Бұған дейін ол «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында сырқаттанып, жарысты жалғастыра алмаған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    «Реал» ма, «Әл-Иттихад» па?: Мбаппе жаңа клубты таңдады

    «Пари Сен-Жермен» клубының бұрынғы шабуылшы Килиан Мбаппе жаңа клубты таңдады. Le Parisien басылымының хабарлауынша, ол Мадридтің «Реал» командасына ауысуы мүмкін. Бұған дейін хабарланғандай, ПСЖ Мбаппені сататын болып, футболшыны трансферге шығарды. Франция ұлттық командасының форварды париждік клубпен келісімшартты 2025 жылға дейін ұзарта алғанымен, ПСЖ құрамында ойнағысы келмейтінін айтты. Мбаппеге Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубынан да ұсыныс келуі мүмкін деген дерек бар. Бұл ...

    Read More »