• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    «Сізбен бір комнатада жатайыншы деді» — Ермахан Ыбырайымовтың Саттарханов туралы сыры

    Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов өзінің командаласы әрі інісі болып кеткен Бекзат Саттарханов туралы естелігін айтты. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады. Ермахан Ыбырайымовтың айтуынша, ол Бекзат сияқты еңбекқор боксшыны ешқашан кездестірмеген. Қазіргі жастармен кездескен кезде бәріне Бекзат Саттархановты үлгі қылып айтамын. 20 жасында Олимпиада чемпионы болу екінің бірінің, миллионның бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бекзат олимпиадалық құрамаға қалай келді, ол бір ...

    Read More »

    Алмат Кебіспаев қарсыласы қай елдің палуандары екенін айтты

    7 сәуір күні Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады. Оған палуан Алмат Кебіспаев қатысады. Грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. 2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиадаға қатысушы, Азияның екі дүркін және бес мәрте әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаевпен хабарласып шағын сұхбат алдық. «Елордамызда өтетін Азия құрлығының додасына да аз күн қалды. Жарысқа дайындалып жатырмыз. Астанада чемпион атанып, Қазақ елін ...

    Read More »

    Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері бірінші орынды иеленді

    Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Албанияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы сәтті өнер көрсетіп, 7 алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, чемпионатта мына спортшылар жүлдегер атанды: Никита Абдрахманов: — жұлқа көтеруде 1-орын (164 кг көтерді); — серпе көтеруде 1-орын (205 кг көтерді); — жалпы есеп бойынша 1-орын (369 кг). Нұрдос Сабыр: — жұлқа ...

    Read More »

    Рыбакина әлемде ең көп эйс жасаған теннисші атанды

    Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өткен WTA 1000 турнирінің финалында чехиялық Петра Квитовадан жеңілгеніне қарамастан, әлемдік теннистің тарихында рекорд жасады. Ол WTA 1000 санатындағы бір турнирде 70-ке жуық эйс жасаған алғашқы теннисші атанды.  Рыбакина Анна Калинскаямен матчта  14, Паула Бадосамен ойында 12, Элизе Мертенспен және Мартина Тревизанмен кездесуде 10, Джессика Пегуламен бәсекеде 11 және Петра Квитовамен финалда ...

    Read More »

    Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев желіде дауласып қалды

    UFC-дің файтерлері Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев Instagram әлеуметтік желісінде бір-бірін кекетіп, сөзге келіп қалды. Оның соңы дауға ұласты. Әуелі Рахмонов парақшасында қасқыр терісінің үстінде отырып түскен фотосуретін жариялап, «Біреулер өзін қасқырмын десе… Қасқырлар міне, өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай біздің аяғымыздың астымызда» деп белгілі UFC-дің файтері, Швецияда тұратын ұлты шешен Хамзат Чиваевқа қатысты жазба қалдырды. Бұған өзін «Borz» деп атайтын файтер жауап ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева Гран-приде бірінші орында келеді

    Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Гран-придің сегізінші турынан кейін 1-орнын сақтап қалды. Жарыстың келесі күні Бибісара Асаубаева турнирдің басты фавориттерінің бірі – қытайлық Чжу Цзиньэрмен тең ойнады.   Осы тең ойын Асаубаеваға Гран-придің үшінші кезеңінен кейін бірінші орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Қазір шахматшыда 5 ұпай бар: Ол 4 рет жеңіп, екі рет тең ...

    Read More »

    Гимнастшы Елжаңа Тәниева – Әлем кубогының күміс жүлдегері

    Көркем гимнастикадан Болгарияның София қаласында өткен Әлем кубогы аяқталды. Финалда Елжаңа Тәниева 2-орын алды. Қазақстан гимнастика федерациясының хабарлауынша, Елжаңа Тәниева ұршық, доп және таспа бойынша жаттығулардың финалында өнер көрсетті. Ол финалда 30,900 ұпай жинады. Алтын медальді өзбекстандық Тахмина Икромова иеленсе, қола жүлдені бразилиялық Барбара Домингос жеңіп алды. Бұған дейін Елжаңа Тәниева Испанияның Марбелла қаласында өткен Гран-приде үшінші болып, қола жүлдегер ...

    Read More »

    EURO 2024: УЕФА сайты үздік голды анықтап жатыр

    Еуропаның футбол қауымдастығы (УЕФА) Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің екінші турында Дания командасының қақпасына салған голын үздіктер номинациясы қатарына қосты. Қазір УЕФА-ның сайтында екінші турадағы үздік голға дауыс беріліп жатыр. Үздік гол номинациясына үміткерлер қатарында англиялық Букайо Сака, беларусьтік Владислав Морозов пен румыниялық Андрей Буркэ бар. Әзірше Асхат Тағыберген мен Владислав Морозов алда келеді. Олардың ...

    Read More »

    Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында тағы бір жүлдені алды

    Албанияның Дуррес қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Таисия Алексеева күміс жүлдені жеңіп алды. Қыздар арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Алексеева жұлқа көтеруде 89 кг, ал серпе көтеруде 112 келіні басынан асырды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша ол 201 кг көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үш жүлде алған болатын.  73 ...

    Read More »

    Рыбакина эйс жасау жөнінен көш бастады

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір тарихи нәтижеге жетті. Ол халықаралық турнирлердегі соңғы төрт ойында 10 және одан көп эйс жасап, атақты америкалық теннисші Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады. Қазір Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысып жатыр. Осы додада ол Анна Калинскаямен кездесуде 14, Паула Бадосамен ойында 12, Элиза Мертенспен өткен матчта 10 эйс жасады. ...

    Read More »