• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Өзбекстан құрамасы алғаш рет Оңтүстік Американың командасын ұтты

    Футболдан Өзбекстанның ұлттық құрамасы Сауд Арабиясында өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиыны кезінде Боливия командасымен жолдастық кездесу өткізіп, қарсыластарын 1:0 есебімен ұтты. Бұл туралы uza.uz хабарлады. Матчта команда капитаны Элдор Шамуродов 36-минутта жалғыз голдың авторы атанды. Ол ұлттық құрама сапындағы голдар санын 34-ке жеткізіп, Максим Шацкихтің рекордын қайталады. Енді Сречко Катанецтің шәкірттері 28 наурызда Оңтүстік Американың тағы бір өкілі – Венесуэлаға қарсы ...

    Read More »

    Неге осындай тарихи жеңісте Qazsport қазақ тілінде сұхбат алмайды?

    -3Иә, қазақ футболды қалай ойнайтынын бүгін атойлап тұрып көрсетті. Еуропаның алпауыттарының бірі Дания қақпасына үш бірдей гол салып жеңісті жұлып алып кету, тек қазақ жігіттерінің қолынан келетіндігін қаракөз саңлақтарымыз жарқын көрсете білді. Бақтияр, Асхат, Абат секілді қазақ жігіттерінің голдары елдің естерінен көпке дейін кетпейтін шығар. Тек бір өкінетін жәйды тағы айтпаса болмас. Qazsport арнасы жеңістен кейінгі сұхбаттардың бәрін неге орысша ...

    Read More »

    Сенсация! Қазақстан Дания құрамасын жеңді (ВИДЕО)

    Бүгін футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысып жатқан Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниямен кездесті. Қазақстан құрамасы іріктеу сатысында H тобында Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино командаларымен бірге қатысып жатыр. Бүгін ұлттық құрама тарихи жеғңіске жетті. Еліміздің бас командасы  0:2 есебімен жеңіліп жатып, камбэк жасап, қарсыластарын 3:2 есебімен ұтті. Мұндай оқиға ел футболында бұрын-соңды болған жоқ. ...

    Read More »

    Әскери қызметші қошқарды көтеріп, жаңа рекорд жасады

    Алматы қаласында Наурыз мейрамы аясында Ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыста Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым рекорд жаңартты. Екі сағат ішінде ол 50 келі болатын қошқарды 2050 рет көтеріп, жаңа рекорд жасады. Осыдан бір жыл бұрын Бауыржан қошқарды 1600 рет көтерген болатын. Жалпы, бұл – оның осындай жарыстағы сегізінші жеңісі. Мен өз рекордымды ерік-жігері мықты қазақ ...

    Read More »

    Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты. Рыбакина үшінші айналымда әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы, қазір дүниежүзілік рейтингте 29-орында тұрған испаниялық Паула Бадосамен кездесті. Ол Бадосаны өзі жеңімпаз атанған Индиан-Уэллс мастерс жарысында 6:3, 7:5 есебімен ұтқан болатын. Ал бұл жолы бірінші партияда қарсыластар бастапқыда қос-қостан брейк алмасқан еді. Есеп 3:3 болған кезде ...

    Read More »

    Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

    Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурда өткен Азия чемпионатында Таиланд ватерполистерін ұтып, алтын медальді жеңіп алды.  Бұл туралы Zakon.kz. хабарлады. Қазақстан әйелдер құрамасы құрлықтықтық чемпионатта Таиланд командасын екінші рет жеңді. Осылайша, тай қыздарын жеңген еліміздің әйелдер құрамасы қарсыластарын шаң қаптырып, мерзімінене бұрын Азия чемпионы атанды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Бүгін бокстан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер болады

    Бүгін Үндістан астанасында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер болады.  Чемпионат 16 наурыз күні басталды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Финалға Үндістан мен Қытайдан – төртеуден, Австралия, Моңғолия, Италия, Ресей және Қазақстан құрамалары сапынан екі-екі боксшыдан шықты. Вьетнам, Тайпей, Колумбия, Алжир, Марокко елдерінен бір-бір боксшыдан бар. Чемпионат финалында мына боксшылар ең үздіктерді анықтайды: 48 кг. Ниту Ниту (Үндістан) – Алтанцецег Луцайхан ...

    Read More »

    Президент шахматшы Динара Сәдуақасовамен кездесті

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасовамен кездесті. Президент шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасовамен елімізде шахматты дамыту жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысына Динара Сәдуақасова елімізде шахматтың танымалдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар және болашақтағы жоспары туралы айтты. Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен квалификациялық турнирлер ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Президент Динара Сәдуақасованы тағы ...

    Read More »

    Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

    Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Ресей мен Беларусьті халықаралық турнирлердің бәрінен шеттетуді одан әрі жалғастырып жатыр. Халықаралық хоккей федерациясы Ресей мен Беларусь құрамаларын 2023/2024 жылдарғы маусымда халықаралық жарыстарға жібермеу жөнінде шешім қабылдады, – аталған ұйымның хабарламада. ХХФ-ның хабаралуынша, ұйым басшылығы ресейліктер мен белорустарды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды. Ресей және Беларусь құрамалары Халықаралық хоккей федерациясының шешімімен 2022 жылғы ...

    Read More »

    Нысана көздеуші Александра Ле Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Бүгін Үндістанның Бхопал қаласында винтовка және тапаншамен нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Александра Ле қола медальге ие болды. Ол әйелдер арасында10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан 261.2 ұпай жинады. Бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Оған елімізден 18 спортшы қатысуда. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады. Жарыс Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында болып жатыр.   Шамкен БАЙЫРБЕК, ...

    Read More »