• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақстан командасы дзюдодан Еуропа кубогының иегері атанды

    Латвияның астанасы – Рига қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогы мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі. Федерация мәлім еткендей, 18 – 19 наурызда өткен жарыс қорытындысында ел құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады. Финляндия құрамасы екінші, Украина дзюдошылары үшінші орыннан көрінді. Қазақстандықтардан Бақытжан Абдурахманов (73 кг), Айбол Нысанәлі ...

    Read More »

    Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды. Рыбакина финалда әлемнің екінші ракеткасы Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті. Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Е.Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Есеп – 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де ол 6:4 есебімен жеңді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың ...

    Read More »

    Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды

    UFC президенті Дэйна Уайт Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады. Ол Лондонда Леон Эдвардс пен Камару Усман арасындағы жекпе-жектен кейін қазақ файтерінің келесі қарсыласы -америкалық Белал Мұхаммед болатынын айтты. UFC рейтингінде алтыншы орында тұрған қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов төртінші жартылай ауыр салмақтағы америкалық Белал Мұхаммедке қарсы жекпе-жекке шығады, — деді ол Дэйна Уайт баспасөз мәслихатында. Ал, Лондондағы UFC 286 турнирінің басты ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатында Назым Қызайбай ұтылып қалды

    Боксшы Назым Қызайбай әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол жарысты 50 келі салмақта 1/16 финалдан бастады. Оның қарсыласы вьетнамдық Тхи Там Нгуен болды. Кездесуде Қызайбай жеңіліп қалды. Назым Қызайбай – әлемнің екі дүркін чемпионы (2014, 2016), Азия чемпионы.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

    Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды. Ол фристайл-могулдан финалда 78,72 балл жинап, екінші орынға ие болды. Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери (85,67) жеңімпаз атанса, австралиялық Мэтт Грэмге 78,42 қола жүлдені иеленді. Могул жарысында әйелдер арасында Аяулым Әмренова финалға шыққанымен, жүлдеге іліге алмады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстан футбол федерациясының өкілдері ФИФА конгресіне қатысты

    Руанданың астанасы – Кигали қаласында 73-Халықаралық футбол қауымдастықтарының (ФИФА) конгресі болды. Оған Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, бас хатшысы Олжас Абраев пен халықаралық департамент директоры Аян Әлжанов қатысты. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Қазақстан футбол федерациясы хабарлауынша, Конгрестің күн тәртібінде былтырғы жылдың қорытындысы мен қаржылық есебі қабылданып, 2024 жылдың бюджеті бекітіліп, 2023-2025 жылдарға аудиторлар тағайындалды. Қазақстандық делегация конгресте өзге ...

    Read More »

    Астанада IV қысқы жастар спорт ойындары аяқталды

    Бүгін Астана қаласындағы «Алау» мұзайдынында конькимен жүгіруден IV қысқы жастар спорт ойындары мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні 1500 метр мен масс-стартта үздіктер анықталды. Әйелдер арасында 1500 метрде астаналық Алина Дауранова қарсылас шақ келтірген жоқ. Дарья Гаврилова (Астана) күміс, Алена Лифатова (Павлодар облысы) қола медальге ие болды. Ерлер арасында Вадим Якубовский (Қостанай облысы) чемпион атанса, Роман Биназаров (Қостанай облысы) пен Михаил Глущенко ...

    Read More »

    Рыбакина алғаш рет мастерс турнирінің жартылай финалына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Рыбакина ширек финалда әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездесті. Қарсыластар осыған дейін 2019 жылы АҚШ ашық чемпионатында кездесіп, онда чехиялық спортшы 6:4, 6:4 есебімен жеңген еді. Бұл жолы еліміздің бірінші ракеткасы тартысты өткен кездесуде 7:6 (7:4), 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Елена Рыбакина финалға ...

    Read More »

    Қуат Хамитов пен өзбек файтері арасындағы жекпе-жек мерізімен бұрын аяқталды (ВИДЕО)

    Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Атырау қаласында өткен Mergen Fighting Championship 4 турнирінде өнер көрсетті. «Найман» лақап атымен танылған отандық спортшы Өзбекстан өкілі Бобур Абдулазизовпен жекпе-жек өткізді. Кездесу үш раундқа жоспарлаған еді. Алайда Қуат Хамитов екінші раунда қарсыласын «тұншықтыру әдісімен» жеңді. Осылайша, файтер Хамитов кәсіби мансабында жиырма бесінші жеңісіне жетсе, Бобур Абдулазизов оныншы рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр. Қуат ...

    Read More »

    Үндістанда бокстан әлем чемпионаты басталды (ВИДЕО)

    Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні күндізгі сессияда 52 келіге дейінгі салмақтағы Азия чемпионатының жүлдегері Жазира Орақбаева рингке шықты. Ол Тайвань өкілі Чиа-Хсунь Чанмен қолғап түйістіріп, екінші раунда қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундтың басында төреші жекпе-жекті тоқтатты. Сөйтіп, Жазира Орақбаева қарсыласын техникалық нокаутпен ұтып, келесі айналымға жолдама алды. Еліміздің басқа боксшылар ертең ...

    Read More »