• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Дзюдо федерациясы

    Бүгін дзюдошылар ақшалай сыйлық алды

    Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясы кезекті спорт маусымды қорытындылап, спортшыларды марапаттады.

    Жиынға федерация президенті Қуанышбек Есекеев, ұйымның вице-президенттері, ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшылары, Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрама командаларының бапкерлер құрамы мен спортшылар, ғылыми-кешенді топ өкілдері қатысты, деп хабарлады Дзюдо федерациясы.

    Жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері Әбиба Абужақынова – 5000 АҚШ долларын, Мағжан Шамшадин — 3000$, Эсмигүл Куюлова — 3000$, Абылайхан Жұбаназар — 3000$, Нұрлыхан Шархан – 3000 доллар алды.

    Жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Жанарыс Рахметқали — 1500$, Талғат Орынбасар — 1500$, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы мен жүлдегерлері Нұрлан Исатаев — 1 000 000 теңге, Балғабай Досбол — 400 000 теңге, Сабина Юлдашбекова — 500 000 теңге, Оралбек Байзақ — 400 000 теңге, Берікбол Жұманбеков — 400 000 теңге мөлшеріндегі сертификаттарға ие болды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *