• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    qaz365.kz, vecher.kz

    Атақты боксшы Серік Нұрқазов табылмай жатыр

    Атақты боксшы Серік Нұрқазовтың хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімет шықты.  Бұл туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

    Серік Нұрқазов 1959 жылы 4 қазанда туған. 2023 жылы 14 желтоқсанда Луганский көшесінде орналасқан үйінен шығып, сол күйін үйіне қайтып келмеген. Ол сұр бас киім киген. Үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болған. Серік Нұрқазовтың шашы ақ,  сақалы бар.

    Серік Төкенұлы Нұрқазов Қарағанды облысында туған. Ол бокстан Қазақстанның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері. 1979 жылы КСРО халықтары Спартакиадасының күміс жүлдегері. 1983 жылы осы Спартакиаданың қола медалін иеленді.

    1981 жылы Финляндияның Тампера қаласында өткен Еуропа чемпионатын жеңіп алған. 1983 жылы Болгарияның Варна қаласында Еуроап чемпиона атанған. Осы жылы Италияның Рим қаласында жалауы желбіреген Әлем кубогының күміс жүлдегері болған.

    Боксшы 1979, 1980 жылы екі жыл қатарынан КСРО чемпионатының күміс медалисі болса, 1983, 1987 жылдары қола жүлдегері атағын жеңіп алған. Ал 1982, 1984, 1986 жылдары КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы атанған.

    Серік Нұрқазов туралы мәлімет білетін адамдар мына телефон номеріне +7 702 712 79 22 немесе @kogam_almatу-ға хабарласыңыздар.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *