• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Серік Нұрқазов

    Атақты боксшы Серік Нұрқазов табылды

    Алматы қаласының Медеу аудандық полиция басқармасы 1959 жылы туған әйгілі боксшы Серік Нұрқазовтың аман-есен табылғанын хабарлады. Бұдан бұрын хабарланғандай, із-түзсіз жоғалған азаматтың мекен-жайын анықтау үшін арнайы іздеу тобы құрылды. Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, атақты боксшы туыстарына тапсырылды. Еске салсақ, Серік Төкенұлының хабар-ошарсыз кеткені туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланған болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Атақты боксшы Серік Нұрқазов табылмай жатыр

    Атақты боксшы Серік Нұрқазовтың хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімет шықты.  Бұл туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Серік Нұрқазов 1959 жылы 4 қазанда туған. 2023 жылы 14 желтоқсанда Луганский көшесінде орналасқан үйінен шығып, сол күйін үйіне қайтып келмеген. Ол сұр бас киім киген. Үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болған. Серік Нұрқазовтың шашы ақ,  сақалы ...

    Read More »