• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    qaz365.kz, vecher.kz

    Атақты боксшы Серік Нұрқазов табылды

    Алматы қаласының Медеу аудандық полиция басқармасы 1959 жылы туған әйгілі боксшы Серік Нұрқазовтың аман-есен табылғанын хабарлады.

    Бұдан бұрын хабарланғандай, із-түзсіз жоғалған азаматтың мекен-жайын анықтау үшін арнайы іздеу тобы құрылды.

    Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, атақты боксшы туыстарына тапсырылды.

    Еске салсақ, Серік Төкенұлының хабар-ошарсыз кеткені туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *